О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында: «Жалпыәскери азық үлесі» деген 1-нормаға ескертпенің 1-тармағы: мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»; «Инженерлік-техникалық құрамға арналған азық үлесі» деген 2-нормаға ескертпеде: мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»; «1500 метр және одан жоғары биіктіктегі биік таулық азық үлесі» деген 4-нормаға ескертпеде: мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»; «Десанттық-шабуылдау әскерлеріне арналған азық үлесі» деген 5-нормаға ескертпеде: мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»; «Ұшқыш азық үлесі» деген 10-нормаға ескертпеде: мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»; «Теңiз азық үлесі» деген 11-нормаға ескертпеде: мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»; «Жалпыәскери жеке тамақтандыру рационы» деген 17-нормада: ескертпенің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, бітімгершілік операцияда, төтенше жағдай және төтенше ахуал кезеңінде казармалық жағдайда болған кезде, сондай-ақ карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде;»; «Десанттық-шабылдау әскеріне арналған жеке тамақтандыру рационы» деген 18-нормада: ескертпенің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) 5-норма бойынша жабдықталатын әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, бітімгершілік операцияда, төтенше жағдай және төтенше ахуал кезеңінде казармалық жағдайда болған кезде, сондай-ақ карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі