О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 489 «Об утверждении натуральных норм специального автотранспорта для Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и его территориальных подразделений» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12200 тіркеліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларында: реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 18 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті 2 2600 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.