О внесении изменений в решение Кызылкогинского районного маслихата от 18 ноября 2015 года № XXXV-2 «Об определении порядка и установлении размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3384 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда аудандық «Қызылқоға» газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) «және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелген)» деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 2 тармақтың 2) тармақшасындағы: «Атырау облыстық білім беру басқармасы» деген сөздер, «Атырау облысы Білім беру басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Сәрсенғалиева С.) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.