О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 ноября 2015 года №ХХХV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3385 санымен тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда аудандық «Қызылқоға» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың:
4 тармағындағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Қызылқоға аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қызылқоға аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 - тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде «Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.» деген абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, жастар мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.