О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 149 «Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.