О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 февраля 2016 года № 323 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Хромтауском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы
18 ақпандағы № 323 «Хромтау
ауданында әлеуметтік көмек
көрсету, мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылы 22 наурызда «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының:
7 тармағында «Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;» сөздері алынып тасталсын;
8 тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімдері негізінде»;
12 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Хромтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
2 наурыз 2018 ж.