О внесений изменения в решение Хромтауского районного маслихата от 18 февраля 2016 года № 323 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Хромтауском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ____________________________Е. Данагулов «____»________________20___ж.
Басқа 6
Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 361 шешіміне қосымша Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 шешімімен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары 1. Осы Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Хромтау ауданының бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті ұйым);
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Хромтау ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
Тармақша 5
5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
Тармақша 7
7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 8
8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;
Тармақша 9
9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар Хромтау ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiніледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбесі: Жеңіс күні – 9 мамыр; Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және көмектің мөлшерлері
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және көмектің мөлшерлері
Тармақ 8
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, 8 000 (сегіз мың ) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;
Тармақша 2
2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдер негізінде;
Тармақша 3
3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Хромтау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкiне зиян келтiру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты біржолғы әлеуметтік көмектің төмендегі мөлшерлері белгіленеді:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (бір жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 ( жүз мың)тенгеге дейінгі шекте;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 4
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 5
5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 6
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 7
7) көп балалы отбасыларға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 8
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 9
9) аз қамтылған азаматтарға 140 000(жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 10
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақ 10
10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда). Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздеме болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1-еселік мөлшерінен аспауы.
Тармақ 11
11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі: өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
Тармақ 12
12. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі: 9 Мамыр - Жеңіс күніне орай:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 4
4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 5
5) мүгедектер деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
Тармақша 6
6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
Тармақша 7
7) Мүгедектер күніне орай – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақ 13
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Бөлім 3. 3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Тармақ 14
14. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына сәйкес) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
Тармақ 15
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаты;
Тармақша 2
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
Тармақша 5
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні немесе құжатты ұсынады.
Тармақ 16
16. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) арыз;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;
Тармақша 4
4) 8 тармақтын 4) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) Жол жүру дерегін растайтын билеттер.
Тармақ 17
17. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 18
18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
Тармақ 19
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
Тармақ 20
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
Тармақ 21
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 22
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 23
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
Тармақ 24
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Осы қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 25
25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 26
26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Хромтау аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Бөлім 4. 4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
Тармақ 28
28. Әлеуметтiк көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Хромтау ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 29
29. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда – сот арқылы.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 30. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
30. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе «Әлеуметтік көмек» автоматтандарылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді. Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1 қосымша Отбасыны тіркеу нөмірі ____________ Р/с № Отбасы мүшелерінің Т. А. Ә. Өті­ніш бе­ру­ші­ге туы­стық қа­ты­на­сы Ту­ған жы­лы Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________ Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты _____________________ (қолы) Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2 қосымша Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ 20__ ж. «___» _________ ______________________ (елді мекен) 1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты _________________________ 2. Тұратын мекенжайы_______________________________ _______________________________________________________________ 3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______адам, оның ішінде: Р/с № Т. А. Ә. Ту­ған кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­ге туы­стық қа­ты­на­сы Жұ­мыспен қам­ты­луы (жұ­мыс, оқу ор­ны Жұ­мыспен қам­тыл­мау се­бе­бі Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға қа­ты­суы, кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы (қай­та да­яр­лау, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру) неме­се жұ­мыспен қам­ту­дың бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на қа­ты­суы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Өмір­лік қиын жағ­дай Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ___ адам. Балалардың саны: ______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): _______________________________________________________________ Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Отбасының табысы: Р/с № Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. Табыс түрі Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер тоқ­сан­ға ор­та есеп­пен ай­ы­на 6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________________________________________________ ________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________________________________________________ 7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы __________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________ Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Жасалған актімен таныстым: ____________________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты және қолы, күні______________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады) Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3 қосымша Учаскелік комиссияның № _____ қорытындысы 20__ ж. ___ ______ Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) _______________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде _______________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады Комиссия төрағасы: __________________ _______________________ Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. «___» ___________ қабылданды Құжаттарды қабылдаған ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы _________