О внесении изменений в решение Хромтауского районного маслихата от 18 февраля 2016 года № 323 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Хромтауском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
9-1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, уәкілетті органың әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз басты, жалғыз тұратын қарт азаматтарға;»;
12 тармақтың 1) тармақшасында «500 000 (бес жүз мың)» деген сандары мен сөздерді «1 000 000 (бір миллион)» деген сандармен сөздерге ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.