О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 18 марта 2016 года № А-4/121 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов Акмолинской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № А-4/121 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № А-4/121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5285 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Ж.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № А-3/103 қаулысына қосымша Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 4/121 қаулысымен бекітілген Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
Тармақша 2
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі. «Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді. Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
Тармақ 4
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының бағалауын облыс әкімімен немесе қалып бойынша оның орынбасарларының бірімен жүргізіледі. Аудан басқармалардың басшылары үшін бағалау қадағаланатын мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасарымен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жылдық бағалау:
Тармақша 1
1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
Тармақша 2
2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
Тармақ 6
6. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 7
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі. Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тарау 2. 2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
Тармақ 10
10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
Тармақ 11
11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
Тармақ 12
12. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
Тармақ 13
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
Тарау 3. 3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
Тармақ 14
14. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады. Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
Тармақ 15
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
Тармақ 16
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
Тармақ 17
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
Тармақ 18
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады. Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» балға дейін иеленеді.
Тармақ 19
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
Тармақ 20
20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады. Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
Тармақ 21
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
Тармақша 1
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
Тармақша 2
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады. Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
Тармақ 22
22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.
Тармақ 23
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
Тармақ 24
24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
Тармақ 25
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшісімен қол қойылады. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
Тармақ 26
26. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді: – тоқсандық баға; a – көтермелеу балдары; в – айыппұл балдары.
Тармақ 27
27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – «қанағаттанарлық», 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – «тиімді», 130 балдан астам – «өте жақсы».
Тарау 5. 5-тарау. Жылдық бағалау
5-тарау. Жылдық бағалау
Тармақ 28
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
Тармақ 29
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
Тармақ 30
30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады: жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады; мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл; мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл; мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.
Тармақ 31
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Тармақ 32
32. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді: – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда: «қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл, «қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл, «тиімді» мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл, «өте жақсы» мәнге (130 балдан астам) – 5 балл; – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
Тармақ 33
33. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – «қанағаттанарлық»; 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – «тиімді»; 5 балл – «өте жақсы».
Тарау 6. 6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Тармақ 34
34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
Тармақша 3
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Тармақ 35
35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді.
Тармақ 36
36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды. 37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
Тарау 7. 7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Тармақ 38
38. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Тармақ 40
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Тармақ 41
41. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
Тарау 8. 8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
Тармақ 42
42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Тармақ 43
43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
Тармақ 44
44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі. «Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
Тармақ 45
45. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Тармақ 46
46. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады. 47. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі. Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша нысан «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))________________ Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________ __________________________________________________________________ № р/с Мақсаттық көрсеткіштер* Күтілетін нәтижелер 1 Мақсаттық көрсеткіш 1 2 Мақсаттық көрсеткіш 2 3 Мақсаттық көрсеткіш 3 4 … Ескертпе: * Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады. Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс. Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша нысан Бағалау парағы _____________________тоқсан_____жыл (бағаланатын кезең) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________ Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы: № р/п Қызметшінің өзін-өзі бағалауы Тікелей басшының бағалауы Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер 1 2 3 Өзін-өзі бағалау нәтижесі: Бағалау нәтижесі: Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша нысан Бағалау парағы _________________ жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ____________________________________________________________________ Жеке жоспарды орындау бағасы № р/с Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі Маңызы Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері Басшының бағалау нәтижелері 1 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 2-ден 5 ке дейін 2 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 2-ден 5 ке дейін 3 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 2-ден 5 ке дейін 4 … Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Ақмола облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша нысан Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл) Бағалау нәтижелері № р/с Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Комиссияның ұсыныстары 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Тексерген: Комиссия хатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы) Комиссия төрағасы: ____________________________ Күні: ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы) Комиссия мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)