О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 18 мая 2016 года № 48 «Об утверждении перечней должностей гражданских служащих и работников органов национальной безопасности Республики Казахстан, имеющих право на доплату за особые условия труда» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 3, 4, 17, 19, 24, 29, 32, және 72-жолдар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдалсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.