О внесении изменения в решение Петропавловского городского маслихата от 18 января 2016 года № 6 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Петропавловск» Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы
№ 6 «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімінің 1-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 7
«7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.