О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 83 «Об определении регионов для расселения оралманов и переселенцев» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;»; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.