О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 18 сентября 2017 года № А-10/398 «Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам Акмолинской области, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақмола облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/398 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/398 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ақмола облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № А-8/415 қаулысына қосымша Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы «18» қыркүйектегі № А-10/398 қаулысына қосымша Ақмола облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері Спорттық жарыстың атауы Жүлделі орын Төлемдерінің мөлшері (АЕК) Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 1 орын 250 2 орын 200 3 орын 150 4 орын 130 5 орын 120 6 орын 110 Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы) 1 орын 150 2 орын 120 3 орын 110 Азия ойындары (жазғы, қысқы), (жабық жайдағы Азия ойындарын қоспағанда) 1 орын 120 2 орын 110 3 орын 100 Азия чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы), жабық жайдағы Азия ойындары 1 орын 80 2 орын 70 3 орын 60 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы) және Қазақстан Республикасының Чемпионаты 1 орын 60 2 орын 50 3 орын 40 23 жасқа толмаған спортшылары арасындағы Әлем чемпионаты 1 орын 70 2 орын 60 3 орын 50 23 жасқа толмаған спортшылары арасындағы Азия чемпионаты 1 орын 60 23 жасқа толмаған спортшылары арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 1 орын 50 2 орын 40 3 орын 30 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 1 орын 70 2 орын 60 3 орын 50 Жастар арасындағы Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы) 1 орын 60 2 орын 50 3 орын 40 Жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 орын 50 2 орын 40 3 орын 30 Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы), жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 1 орын 40 2 орын 30 3 орын 20 Жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты 1 орын 50 2 орын 40 3 орын 30 Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 1 орын 250 2 орын 200 3 орын 150 4 орын 90 5 орын 70 6 орын 60 Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 1 орын 250 2 орын 200 3 орын 150 4 орын 90 5 орын 70 6 орын 60 Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаты 1 орын 150 2 орын 120 3 орын 110 Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 1 орын 120 2 орын 110 3 орын 100 Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты 1 орын 80 2 орын 70 3 орын 60 Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық,Сурдлимпиадалық ойындары, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 1 орын 60 2 орын 50 3 орын 40 Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 1 орын 100 2 орын 80 3 орын 70 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (ұлттық спорт түрлері бойынша) 1 орын 60 2 орын 50 3 орын 40 Ұлттық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты (ересектер) 1 орын 50 аббревиатураның толық жазылуы: АЕК – айлық есептік көрсеткіш.