О признании утратившим силу приказа Заместителя Премьер-Министра – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 мая 2017 года № 204 «Об утверждении натуральных норм потребности для специализированной организации в авиационной технике, специальном транспорте, оборудовании средств связи, навигационном оборудовании и специальных средствах для проведения работ по охране животного мира и особо охраняемых природных территорий» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мамандандырылған ұйым үшін жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған авиациялық техникаға, арнайы көлікке, байланыс құралдары жабдығына, навиғациялық жабдықтар мен арнайы құралдарға қажеттіліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 204 бұйрығының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мамандандырылған ұйым үшін жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған авиациялық техникаға, арнайы көлікке, байланыс құралдары жабдығына, навиғациялық жабдықтар мен арнайы құралдарға қажеттіліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 204 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15248 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі