О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 18 апреля 2018 года № 181 «Об утверждении Правил субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 «Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 «Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5918 тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Т. Төленбергеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _____________Н. Айдапкелов 2019 жылғы «____» ___________
Басқа 8
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 125 қаулысына қосымша Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 қаулысымен бекітілген Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген бұйрығына сәйкес әзірленген және теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын (бұдан әрі – шығыстар) субсидиялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы – "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамсы" мемлекеттік мекемесі, теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
Тармақша 2
2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға.
Бөлім 2. 2. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау тәртібі
2. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау тәртібі
Тармақ 3
3. Конкурс нәтижесі бойынша айқындалған теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстары Ақтөбе облысының бюджеті есебінен субсидиялауға жатады.
Тармақ 4
4. Тасымалдаушылардың теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі шығыстары тиісті жылға арналған облыстық бюджетте көзделген сомалар шегінде субсидияланады.
Тармақ 5
5. Шығыстарды жыл сайынғы субсидиялаудың жалпы сомасы Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5907 болып тіркелген, Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген тиісті бюджетте қарастырылады.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен субсидиялар мөлшерлерінің есебі облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы пойызы бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, Әдістемеге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13714 болып тіркелген, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау Қағидаларына сәйкес тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр пойыздарының вагондары санаттарымен теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет аясында жолаушылар пойыздарының қатынауын (пайдаланылуын) қамтамасыз ету үшін технологиялық қажетті вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.
Тармақ 8
8. Субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде келесі шығыстардың түрлері:
Тармақша 1
1) магистральды теміржол желілеріне қызмет көрсету шығыстары, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың пойыздарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;
Тармақша 2
2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, пойыздарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстар;
Тармақша 3
3) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;
Тармақша 4
4) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалдау шығыстары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы №497 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14002 болып тіркелген, Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау Қағидаларына сәйкес оларды субсидиялау жағдайларын қоспағанда, қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды қоса алғанда, теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалы кезінде тартылған вагондарды сатып алуға арналған шығыстар жатады.
Тармақ 9
9. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдаудың маусымдылығына, пойыздардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне және жолаушылар ағынына байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидияланатын вагондардың жүріс көлемдеріне сәйкес субсидиялар көлемдерін қайта қарауға жол беріледі. Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған шарт бойынша бір вагон-километрге субсидиялау көлемін үйлесімді айқындау және теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау шартына (бұдан әрі – шарт) сәйкес вагондардың, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүрісінің өзгеруі есебімен, вагон-километр көлеміне көбейту жолымен есептеледі.
Бөлім 3. 3. Субсидия төлеу шарттары
3. Субсидия төлеу шарттары
Тармақ 10
10. Теміржол қатынастары бойынша субсидияларды төлеу облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр пойыз бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Субсидияларды төлеу жасалған шартқа сәйкес нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген есептік құжаттамамен расталған тасымалдаулар бойынша ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Тасымалдаушы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға басшымен, бас бухгалтермен және ұйымның мөрімен куәландырылған келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда мазмұндалған көрсеткіштер есебін түсіндіретін жазбаны қоса отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп. Бұл ретте, субсидияланатын шығыстарды анықтау осы тармақшада көрсетілген есептерде ұсынылған тасымалдаушының субсидияланатын шығыстар баптарына іспеттес тасымалдаушының жалпы шығыстарына және вагон жүрісінің жалпы көлеміне үйлесімді жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісі;
Тармақша 3
3) теміржол қатынастары бойынша орындалған тасымалдар көлемдерін растайтын және тасымалданған жолаушылар, түрлері бойынша вагондар, жолаушылар айналымы, вагон айналымы, пойыздардағы вагондардың адамдармен толығуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымаудаушының құжаты;
Тармақша 4
4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушы шығыстарының тізілімі;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес субсидияланатын бағыттардың тізілімі;
Тармақша 7
7) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттар.
Тармақ 14
14. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) тасымалдаушы мен жөндеу (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу, тиімді пайдалану мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу және күрделі қалпына келтіру бойынша жөндеу) және жасалған шартта көрсетілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 көлемдерде техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ вагондарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар арасында есепті кезеңде әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері;
Тармақша 2
2) тасымалдаушы мен шартта көрсетілген вагондарды жалға алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасында өзара есеп айырысуларды (есепті кезеңде әр айдың біріндегі жағдай бойынша) салыстыру актісі;
Тармақша 3
3) вагондарды жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация және оны есептілік кезеңіндегі шығыстарға жатқызу тізімдемесі, электрэнергия мен дизель отынына шығыстар бойынша орындалған жұмыстардың шот-фактуралары мен актілері;
Тармақша 4
4) вагондарды сатып алынған ұйымнан төлем шоттарын (субсидияланған сомасын тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) 7 (жеті) банкі күн ішінде ұсыныла отырып, вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
Тармақша 5
5) вагондарды сатып алу туралы несие шарттары мен қаржылық лизинг шарттарының ай сайынғы төлем кестесі мен олардың қосымша келісімдерімен қоса нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Тармақ 15. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тасымалдаушылар ұсынған күнінен бастап, 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жергілікті атқарушы органымен орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстар тізілімі мен төлем шоттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынылады. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 1-қосымша Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп Индекс: 1-ЖТ Нысан кімге ұсынылады: жергілікті атқарушы органға Кезеңділігі: ай сайын Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы» 1997  жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын субъектілер. Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде. Те­мір жол қа­ты­на­сы­ның ата­уы Пой­ы­здың № Марш­рут­тың ара­шық­тығы, ки­ло­метр Пой­ы­здың қа­ты­нау ке­зең­ді­лі­гі Ва­гон тү­рі Ва­гон­дар­дың азай­май тын жү­рі­сі, мың ва­гон/ки­ло­метр Ва­гон­дар­дың жү­рі­сі, мың ва­гон/ ки­ло­метр Жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы, мың жо­ла­у­шы /ки­ло­метр 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Тасымалданған жолаушылар, мың адам Вагондардың толығуы, адам/вагон Тасымалдау бойынша шығыстар, мың теңге Шығыстардың барлығы, мыңтеңге МТЖ* қыз­ме­ті ло­ко­мо­тив­пен тар­ту қыз­ме­тіне ва­гон­дар­ды жал­да­у­ға ва­гон­дар­ды кү­тіп-ұста­у­ға өзге­де шы­ғын­дар 9 10 11 12 «Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп» әкімшілік деректердің нысанын толтыруға арналған қосымша «Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп» нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелері
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмелер (бұдан әрі–Түсіндірмелері) әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп» нысанын (бұдан әрі-Нысан) толтыру жөнінде бірыңғай талаптарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы» 1997  жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған субъектілермен ұсынылады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы және бас бухгалтермен қол қойылады, мөр басылады (бар болған жағдайда).
Тармақ 4. Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп
4. Нысан мынадай әдіспен толтырылады: 1-бағанда теміржол қатынасының атауы көрсетіледі; 2-бағанда пойыздың нөмірі көрсетіледі; 3-бағанда маршруттың жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін пойыз өтетін ара қашықтығы көрсетіледі, километр; 4-бағанда пойыздың аптасына жүріп тұратын күндер саны көрсетіледі; 5-бағанда вагонның түрі: жалпы, плацкарт, купе көрсетіледі: 6-бағанда есепті кезеңде тасымалдаушы қамтамасыз етуге міндетті вагондардың санын жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, мың вагон-километр; 7-бағанда вагондардың санын жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, мың вагон-километр; 8-бағанда вагондардағы жолаушылар санын тасымалдау ара қашықтығына көбейту ретінде есептелетін жолаушылар айналымның көлемін көрсететін көрсеткіш, мың жолаушы-километр; 9-бағанда тасымалданған жолаушылар саны көрсетіледі, мың адам; 10-бағанда тасымалданған халық санын вагондардың санына көбейту ретінде есептелетін халық санын көрсететін көрсеткіш, адам-вагон; 11-бағанда төменде көрсетілген тасымалдау шығындарының көлемі көрсетіледі, мың теңге: -МТЖ (магистралдық теміржол желілері) қызметінің шығындары; -локомотивпен тарту қызметінің шығындары; -вагондарды жалдау шығындары; -вагондарды күтіп-ұстау шығындары; -өзгеде шығындар. 12-бағанда барлық шығындардың, соның ішінде: МТЖ қызметі; локомотивпен тарту қызметі; вагондарды жалдау; вагондарды күтіп-ұстау шығындары; өзгеде шығындар қосынды сан ретінде есептелетін шығындардың жиынтық көлемі көрсетіледі, мың теңге. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 2-қосымша Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп Индекс: 2-ЖТ Нысан кімге ұсынылады: жергілікті атқарушы органға. Кезеңділігі: ай сайын. Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы» 1997  жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын субъектілер. Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде. Те­мір жол қа­ты­на­сы­ның ата­уы Пой­ы­здың № Марш­рут­тың ара­шық­тығы, ки­ло­метр Пой­ы­здың қа­ты­нау ке­зең­ді­лі­гі Ва­гон тү­рі Ва­гон­дар­дың азай­май­тын жү­рі­сі, мың ва­гон/ ки­ло­метр Ва­гон­дар­дың жү­рі­сі, ва­гон/ ки­ло­метр Жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы, мың жо­ла­у­шы/ки­ло­метр Та­сы­мал­дан­ған жо­ла­у­шы­лар, мың адам 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Вагондардың толығуы, адам/вагон Тасымалдау бойынша шығыстар, мың теңге Жалпы шығыстар, мыңтеңге Шығыстарды субсидиялау көлемі, мың теңге МТЖ* қыз­ме­ті ло­ко­мо­тив­пен тар­ту қыз­ме­ті ва­гон­дар­ды жал­да­у­ға ва­гон­дар­ды кү­тіп-ұстау шы­ғы­ста­ры өзге­де шы­ғын­дар жыл ба­сы­нан тө­лен­ген суб­си­дия суб­си­ди­я­ла­у­ға жа­та­ды 10 11 12 13 «Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп» әкімшілік деректердің нысанын толтыруға арналған қосымша. «Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп» нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелері
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмелер (бұдан әрі – Түсіндірмелері) әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөнінде бірыңғай талаптарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған субъектілермен ұсынылады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы және бас бухгалтермен қол қойылады, мөр басылады (бар болған жағдайда).
Тармақ 4. Орындалған жұмыстар актісі
4. Нысан мынадай әдіспен толтырылады: 1-бағанда теміржол қатынастың атауы көрсетіледі; 2-бағанда пойыздың нөмірі көрсетіледі; 3-бағанда маршруттың жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін пойыз өтетін ара қашықтығы көрсетіледі, километр; 4-бағанда пойыздың аптасында жүріп тұратын күндері көрсетіледі; 5-бағанда вагонның түрі: жалпы, купе, плацкарт көрсетіледі: 6-бағанда есепті кезеңде тасымалдаушы қамтамасыз етуге міндетті вагондар санының жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, мың вагон-километр; 7-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай, есепті айын қоса алғанда, вагондар санын тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, вагон-километр; 8-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен вагондардағы жолаушылар санын тасымалдау қашықтығына көбейту ретінде есептелетін, есепті айын қоса алғанда, тасымалданған жолаушылар көлемін көрсететін көрсеткіш, мың жолаушы-километр; 9-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен тасымалданған, есепті айын қоса алғанда, тасымалданған жолаушылардың көлемі көрсетіледі, мың адам; 10-бағанда тасымалданған халық санын вагондардың санына көбейту ретінде есептелетін халық санын көрсететін көрсеткіш, адам-вагон; 11-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен төменде көрсетілген шығындарының көлемі, есепті айын қоса алғанда, көрсетіледі, мың теңге: -МТЖ (магистралдық теміржол) қызметінің шығындары; -локомотивпен тарту қызметінің шығындары; -вагондарды жалдау шығындары; -вагондарды күтіп-ұстау шығындары; -өзгеде шығындар. 12-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен барлық шығындар, соның ішінде: МТЖ қызметінің шығындары; локомотивпен тарту қызметінің шығындары; вагондарды жалдау шығындары; вагондарды күтіп-ұстау шығындары; өзгеде шығындар қосынды сан ретінде есептелетін шығындардың жиынтық көлемі, есепті айын қоса алғанда, көрсетіледі, мың теңге. 13-бағанда тасымалдаушыға төленген субсидиялардың көлемі көрсетіледі, мың теңге; -тасымалдаушыға жыл басынан бастап өсу қарқынымен төленген субсидиялардың көлемі; -есепті айда төленуге жататын субсидиялардың көлемі. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 3-қосымша Нысан Орындалған жұмыстар актісі Біз, төменде қол қойып отырғандар ______________________________________ (акт қабылдауға жауапты басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) бір тараптан және____________________________________ (басшының, бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) екінші тараптан 20___ жылы _________ орындалған жұмыстар туралы осы актіні жасадық. Пой­ыз № Қа­ты­нау күн­де­рі­нің са­ны Ва­гон­ның ти­пі Ва­гон ай­на­лы­мы, мың ва­гон/ ки­ло­метр Аза­май­тын ва­гон ай­на­лы­мы, мың ва­гон/ ки­ло­метр суб­си­ди­я­лау со­ма­сы (мың тең­ге) 1 2 3 4 5 6 Ку­пе Плац­карт Жал­пы Қыз­мет-тех­ни­ка­лық Электр­по­езд Ди­зель­по­езд БАР­ЛЫ­ҒЫ 20 ___ жылғы _______________ субсидиялау сомасы ___________________________________________________ теңге құрайды (сомасы санмен және сөзбен) Та­рап­тар­дың заң­ды ме­кен­жайы: Уәкі­лет­ті ор­ган: Та­сы­мал­да­у­шы: Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Банк рек­ви­зит­те­рі __________________________________ (қо­лы, бас­шы­ңың те­гі, аты-жө­ні, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) Банк рек­ви­зит­те­рі __________________________________ (қо­лы, бас­шы­ңың те­гі, аты-жө­ні, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) __________________________________ (қо­лы, акт қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты бас­шы­ның те­гі, аты- жө­ні әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) ______________________________ (қо­лы, бас бух­гал­тер­дің те­гі, аты-жө­ні әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да) Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 4-қосымша Нысан Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімі __________ айы _________ жылы Ке­зең Шы­ғы­стар­дың ата­уы Шы­ғы­стар құ­жа­ты Шы­ғы­стар құ­жа­ты­ның со­ма­сы, мың тең­ге Ва­гон­дар­дың жал­пы жү­рі­сі, мың ва­гон/ ки­ло­метр Суб­си­дия-ла­на­тын ва­гон­дар жү­рі­сі, мың ва­гон/ки­ло­метр Суб­си­дия-ла­на­тын ва­гон­дар бой­ын­ша шы­ғын­дар со­ма­сы, мың тең­ге Басшы____________________________ тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда), қолы Бас бухгалтер__________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 5-қосымша Нысан Субсидияланатын маршруттардың тізілімі № п/п Пой­ы­здың № Жө­нел­ту стан­са­сы Же­ту стан­са­сы Суб­си­ди­я­лау со­ма­сы (мың тен­ге) 1 2 3 4 5 Субсидиялау сомасының барлығы: ______________________________теңге (сомасы санмен және сөзбен) Осы тізілімге мыналар қоса беріледі: 1. _______________________________ 2. _______________________________ 3. _______________________________ Уәкі­лет­ті ор­ган: Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Бан­ков­ские рек­ви­зи­ты ___________________________ (бас­шы­ның қо­лы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) Та­сы­мал­да­у­шы: Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Банк рек­ви­зит­те­рі ____________________________ (бас­шы­ның қо­лы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) ______________________________ (акт қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты бас­шы­ның қо­лы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) _____________________________ (бас бух­гал­тер­дің қо­лы,те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да)