О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 204 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) углеводородов к категории низкорентабельных, высоковязких, обводненных, малодебитных и выработанных и порядка налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых» и от 27 июня 2019 года № 449 «Об утверждении перечня месторождений (группы месторождений, части месторождения) углеводородов, относимых Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 және «Рентабельдігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, «Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген кен орындарының санатына жатқызу қағидаларында және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібінде: 21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген, кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін бір немесе бірнеше өлшемшарт қамтылады.»; 26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «26. Өтініште көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық шешімдерге (құжаттарға) сәйкес кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға бағытталған шаралар қабылдаудың нәтижесінде кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе игерілген санатқа жатқызу туралы шешім қабылданғаннан кейін орын алған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деректемелерінің, кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) параметрлерінің өзгеруі бұрын қабылданған шешімді қайта қарауға негіз болып табылмайды.»;
Тармақша 2
2) «Рентабельдігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, «Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде: реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 9. Қа­ра­ған­ды об­лы­сын­да­ғы Құм­көл мұ­най-газ кон­ден­сат­ты кен ор­ны­ның оң­тү­стік-шы­ғыс бө­лі­гі Қа­ра­ған­ды об­лы­сын­да­ғы Құм­көл мұ­най-газ кон­ден­сат­ты кен ор­ны­ның оң­тү­стік-шы­ғыс бө­лі­гін­де кө­мір­су­тек­тер­ді өн­ді­ру­ге ар­нал­ған 2021 жы­л­ғы 14 қаң­тар­да­ғы № 4886-УВС ке­лі­сім­шар­ты Алып та­стал­ды «Пет­ро­Қа­зақ­стан Құм­көл Ре­сор­сиз» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы Мұ­най Кен ор­ны­ның су ба­суы 97,9 %-ды құ­рай­ды Су бас­қан 0,35 1. 46°26'05" с.е. 65°30'55" ш.б. 2. 46°26'24" с.е. 65°33'18" ш.б. 3. 46°27'57" с.е. 65°35'00" ш.б. 4. 46°27'25" с.е. 65°36'28" ш.б. 5. 46°28'32" с.е. 65°38'31" ш.б. 6. 46°28'28" с.е. 65°40'28" ш.б. 7. 46°27'33" с.е. 65°39'59" ш.б. 8. 46°26'30" с.е. 65°40'00" ш.б. 9. 46°24'30" с.е. 65°40'30" ш.б. 10. 46°23'05" с.е. 65°41'27" ш.б. 11. 46°23'10" с.е. 65°37'45" ш.б. »; реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 18. Маң­ғы­стау об­лы­сын­да­ғы Өзен және Қа­ра­ман­ды­бас кен орын­да­ры Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған 1996 жы­л­ғы 31 ма­мыр­да­ғы № 40 ке­лі­сім­шарт Алып та­стал­ды «Өзен­мұ­най­газ» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы Мұ­най Кен орын­да­рын­да мұ­най­ды су ба­су мы­на­ны құ­рай­ды: Өзен – 89,3 %; Қа­ра­ман­ды­бас – 86,8 % Су бас­қан 2,6 1. 43°32'00" с.е. 52°31'30" ш.б. 2. 43°32'15" с.е. 52°31'59" ш.б. 3. 43°30'40" с.е. 52°37'40" ш.б. 4. 43°30'48" с.е. 52°40'34" ш.б. 5. 43°30'43" с.е. 52°42'50" ш.б. 6. 43°29'46" с.е. 52°46'33" ш.б. 7. 43°29'45" с.е. 52°49'16" ш.б. 8. 43°28'51" с.е. 52°52'54" ш.б. 9. 43°28'23" с.е. 52°55'47" ш.б. 10. 43°27'15" с.е. 53°00'32" ш.б. 11. 43°22'40" с.е. 53°03'58" ш.б. 12. 43°21'15" с.е. 53°04'33" ш.б. 13. 43°20'30" с.е. 53°01'51" ш.б. 14. 43°20'43" с.е. 52°58'28" ш.б. 15. 43°21'30" с.е. 52°54'50" ш.б. 16. 43°22'25" с.е. 52°52'46" ш.б. 17. 43°24'41" с.е. 52°46'11" ш.б. 18. 43°27'28" с.е. 52°39'33" ш.б. 19. 43°28'00" с.е. 52°37'20" ш.б. 20. 43°30'33" с.е. 52°30'53" ш.б. ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.