О внесении изменения в решение Зайсанского районного маслихата от 18 сентября 2018 года № 30-3 «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Зайсанского районного маслихата от 18 сентября 2018 года № 30-3 «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района»
- Атауы (қаз.)
- Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 30-3 «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49-3
- Қабылданған күні
- 27.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2020 138350_484670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VK006494
- ЭКБ идентификаторы
- 138350
- Редакция идентификаторы
- 138350_484670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:57
0 Зайсан аудандық мәслихатының
2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 30-3
«Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың
мамандарына әлеуметтік көмек көрсету туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 30-3 «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-168 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 27 қазанында аудандық «Достық» газетінде және 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
«1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек жылына бір рет 31 104 (отыз бір мың бір жүз төрт) теңге мөлшерде көрсетіледі.»;
2 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын.
«2) Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлға немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі еркін түрде өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттарды береді.».