О внесении дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование» Қолданыста
Басқа 0
«Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17060 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
2-ші тармақ келесі мазмұндағы 7) және 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«7) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар бойынша;
8) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі