О внесении изменений в постановление акимата города Атырау от 18 июля 2019 года № 1514 «Об утверждении Положения и структуры государственного учреждения «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Атырау» Қолданыста
Басқа 0
Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1514 «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабын басшылыққа алып, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1514 «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Атырау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы ____ __________
№_____ қаулысына 1-қосымша
Атырау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы ____ __________
№_____қаулысымен бекітілген
«Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) – Қазақстан Республикасының Атырау қаласы аумағында кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімге «Сарайшық Атырау» ЖШС және «Атырау қаласы бизнес-туризм орталығы» КММ ведомстволық мекемелері жатады.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдыстырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер Бөлімге Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлім құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мекеменің атауы: «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, құрылыс 72. Пошталық индексі – 060009.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – «Атырау қалалық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектілерiмен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіліктері
2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіліктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
1) Атырау қаласы аумағында кәсіпкерлік, туризм, сауда және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Өкілеттілігі:
1) Құқықтары;
1-1) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
2) Міндеттері:
2-1) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын сақтау;
2-2) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындауға;
2-3) қала аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті, ииндустриалдық-инновациялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
2-4) қала аумағындағы сауда саясатының дамуына қолайлы жағдай туғызу,
2-5) туризм саласының дамуына жағдай туғызу;
2-6) мал шаруашылығы, егін және балық шаруашылығы саласының ұтымды және тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Тармақ 16
16. Функциялары:
1) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді саларалық үйлестіру;
2) шағын кәсіпкерлікті, туризмді және ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы бағытындағы тармақтарын жүзеге асыру;
4) қала аумағындағы кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы субьектілер жұмысын және оларда туындаған мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру, реттеу;
5) Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
6) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысшы органының қызметін қамтамасыз ету;
6-1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастыру;
6-2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;
6-3) сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз ету;
7) аймақтық индустриалды-инновациялық дамыту және импорт алмастыру бағдарламаларының жүзеге асырылуына бақылау жүргізу;
8) Құрылтайшы жанынан құрылған инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру;
8-1) инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңес отырысында қаралатын жобалар бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;
8-2) инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды жүзеге асыру және оған қол қоюды қамтамасыз ету;
9) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», акционерлік қоғамы, «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, «Атырау болашақ» несие серіктестігі және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау;
10) көшпелі сауда, маусымдық көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу;
11) экономикалық ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамытуға ықпал ету;
12) бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлікті, туризм және ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері бойынша мақалалар жариялау;
13) инфляцияға қарсы іс-шаралар жоспары негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына және олардың айлық қорына мониторинг жүргізу;
14) Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субьектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу;
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын шектен тыс көтермеу және олардың қорын жеткілікті көлемде қамтамасыз ету шараларын алу мақсатында супермаркет, базар, көтерме тасымалдаушылар жән ірі сауда үйлері басшыларымен меморандум жасақтау;
16) Бөлім өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес қызметін жүзеге асырады;
17) қала аумағындағы кәсіпкерлік субьектілердің дерекқорын жасақтау, жаңарту жұмыстарын жүргізу;
18) қала аумағындағы кәсіпкерлік саласымен айналысатын кәсіпкерлік субьектілер жұмыстарының заңдылығына мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарды хабардар ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
19) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
20) жұмыс барысында пайдалану үшін қала аумағындағы туризмді дамыту туралы ақпарат жинақтау;
21) туристік индустрия обьектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
22) аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) қаладағы туризм саласының дамуы жөнінде ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызмет көрсету субьектілері туралы ақпарат жинақтау;
24) туристік маршруттар мен экскурсиялық бағыттардың тізімін жүргізу;
25) агроөнеркәсіптік кешен саласын дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
26) қолданыстағы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешені субьектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
27) қала аумағында, ауылдық аумақтарда өсімдіктер және мал шаруашылығы салаларының дамуына мониторинг жүргізу, шаруашылық жүргізетін жер учаскелерін аралауды ұйымдастыру, шаруа құрылымдарының жұмыстарына талдау жасау;
28) меншік түріне қарамастан мал басын өсіру, жоғарғы өнімді асыл тұқымды малдардың гендік қорын жақсарту және сақтау іс-қималдарын жүзеге асыру;
29) жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, егін шаруашылығын дамыту бойынша мәселелерді шешуге ұсыныстар дайындау;
30) қала аумағындағы суару және суландыру жүйелерінің жағдайына талдау жасау және оны қайта жөндеу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу;
31) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасына сәйкес, су жеткізуші мен су пайдаланушылар арасында келісім шарт жасалуын ұйымдастыру;
32) ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін несиелендіру, субсидиялау шарттарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
33) өсімдік шаруашылығында су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік көлемін арттыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру;
34) қаладағы жылыжайлардың, көкөніс сақтау қоймаларының жұмыстарына сараптама жасау;
35) өсімдік шаруашылығына қажетті тұқым, минералды тыңайтқыштар, химиялық препараттарға тапсырыстар жинау жұмыстарын ұйымдастыру;
36) отандық ғылым мен шет елдердің ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру және өңдеуге бағытталған прогрессивтік технологиясы мен озат тәжірибесін насихаттау мен енгізуді ұйымдастыру;
37) ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру, оларды мемлекеттік қолдау арқылы іске қосуды ұйымдастыру;
38) инвестициялық салынымдар бойынша субсидиялауға түскен өтінімдердің ереже талаптарына сәйкестігін қадағалауды жүзеге асыру;
39) қаланың агроөнеркәсіп кешеніндегі ауыл шаруашылық техникалары, автомобильдері, басқа да материалдық қорлардың қажеттілігіне болжам жасау;
40) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция қызметтерін жүзеге асыру;
40-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
40-2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
40-3) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
40-4) тракторлар мен олардың базасында өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.
41) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың жұмыстарына талдау жасау;
42) басқа өңірлерден және шекаралас мемлекеттерден тасымалданатын тамақ өнімдеріне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
43) көршілес облыстар және шекаралас мемлекеттермен байланыса отырып көкөніс және бақша өнімдерінің егіс алқаптарына талдау жүргізу:
44) балық шаруашылығын дамыту мен қорғау жұмыстарын жүргізуге арналған шаралар жоспарлау, ұйымдастыру;
45) жыл сайынғы балық аулауға берілген лимит шегінде ауланған балық көлемінің мәліметін қалыптастыру;
46) қала аумағында рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу жұмыстарын жүргізу;
47) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жұмыс жүргізілуін, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды, мекеменің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ақылы негізде сатып алу;
48) атқарушы билік органдарымен, шаруашылық субьектілерімен міндетті түрде орындауға жататын Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс және қала әкімдері актілерін орындалу мақсатында өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-қимыл жасасу;
49) Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген тәртіппен, белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару орындарынан, мекемелер мен ұйымдардан, шаруашылық субьектілері мен жеке тұлғалардан Бөлім функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттар мен құжаттарды, материалдар сұрату және алу;
50) меншік нысанына қарамастан, қаланың өзге атқарушы органдарының, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары мен мамандарын тарту арқылы белгіленген тәртіпте өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жиналыстар шақыру;
51) өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша методикалық материалдар мен ұсынымдар әзірлеу;
52) өз құзыреті шегінде Бөлімге қатысты мәселелер бойынша үйлестіру, ғылыми-техникалық және өзге де кеңестер, ведомствоаралық сараптамалық комиссиялар құру, бизнес инкубаторлар, шағын кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін өзге де құрылымдарды құру және дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
53) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысы бар ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
54) Құрылтайшыға бос тұрып қалған өндіріс алаңдары мен кеңселерді шағын кәсіпкерлік субьектілеріне жалға немесе сенімді басқаруына беру бойынша ұсыныстар дайындауға;
55) бюджет қаржысын тиімді пайдалану бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізуге;
56) осы ереже талаптарына сәйкес қызметтерді орындау үшін қажетті басқа да құқықтарды іске асыру.
Тарау 3. 3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
Тармақ 17
17. Бөлімге басшылықты Бөлім басшысы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Бөлім атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) Бөлімге бағынысты құрылымдар басшылары мен Бөлім қызметкерлерінің өз мiндеттерiн орындаудағы жауапкершілік деңгейін белгілейді;
Тармақша 4
4) Бөлімге бағынысты құрылымдардың мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 5
5) Бөлім қызметкерлерiн және бағынысты құрылымдар басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртiппен Бөлім қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын алады;
Тармақша 7
7) Бөлім қызметтік құжаттамаға, бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 8
8) сенімхаттар береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген ретте өзіне бағынысты құрылымдардың жұмысын бақылайды және үйлестіреді;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;
Тармақша 11
11) Бөлімнің жұмыс регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 12
12) берілген қаражат шегінде аппаратты ұстаудың шығындар сметасын әзірлейді және қала әкіміне бекітуге ұсынады;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде міндеттеме Бөлім басшысына жүктеледі және ол бұл үшін дербес жауапкершілікте болады.
Тармақша 14
14) Қазақстан Ресупбликасы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 15
15) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
Тармақша 16
16) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Жұмыс режимі
4. Жұмыс режимі
Тармақ 20
20. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Бөлімнің мүлкі
5. Бөлімнің мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Бөлім таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.