О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 18 октября 2019 года № 40/5-VІ «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6245 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 12 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларында: 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) коммуналдық қызметтерге тарифтер туралы ақпараттандырады. Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды жүйелеу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тоқсан сайын ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.»; 5 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.