О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан от 18 апреля 2019 года № 63 о/д «Об утверждении Положений о территориальных органах Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 63 н/қ
«Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 63 н/қ «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
«Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасы туралы ережесінің» 15-қосымшасы 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Ж. Омаров көшесі, 60.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұйымдастыру- кадр басқармасы (бұдан әрі - Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасына Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңымен қарастырылған шаралар қабылдау үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасы бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментіне тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комитетке осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы ақпарат берілуін;
Тармақша 3
3) бір айлық мерзімде актілерді осы бұйрыққа сәйкестендіруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің ұйымдастыру – кадр жұмысы басқармасына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.