О внесении изменений в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 марта 2020 года № 33-4 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-4«Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы»2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6087 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10886 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.