О внесении изменения в постановление акимата города Рудного от 18 ноября 2021 года № 1425 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел занятости и социальных программ» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1425 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1425 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;».
Тармақ 2
2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.