О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 18 марта 2021 года № 19/01 «Об утверждении перечня и норм субсидий на удобрения, а также объема субсидий на удобрения» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №19/01 «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 742 984 000 (жеті жүз қырық екі миллион тоғыз жүз сексен төрт мың) теңге сомасында бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
___________
2021 жылғы «____»_______