О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 18 марта 2021 года № 19/01 «Об утверждении перечня и норм субсидий на удобрения, а также объема субсидий на удобрения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №19/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 929 107 000 (тоғыз жүз жиырма тоғыз миллион жүз жеті мың) теңге сомасында бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі