О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 18 марта 2021 года № 19/01 «Об утверждении перечня и норм субсидий на удобрения, а также объема субсидий на удобрения» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №19/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 1 529 107 000 (бір миллиард бес жүз жиырма тоғыз миллион жүз жеті мың) теңге сомасында бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.