О внесении изменений в решение акима Целиноградского района от 18 июня 2021 года № 5 «Об образовании избирательных участков по Целиноградскому району» Қолданыста
Басқа 0
«Целиноград ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы»
Целиноград ауданы әкімінің
2021 жылғы 18 маусымдағы
№ 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. «Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23297 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3, 25-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«
3.
№ 641 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы, Бекбауыл көшесі, құрылыс 7/1, "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Өтеміс ауылы.
»;
«
25.
№ 663 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Абай Кунанбаев көшесі, құрылыс 7, ауылдық клубтың ғимараты.
Шекаралары: Ақмешіт ауылы.
».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Целиноград аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______ Айткужина А. А.
______________________