О внесении дополнения в постановление акимата Жаксынского района от 18 октября 2021 года № а-7/182 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Жаксынском районе» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына толықтыру енгізу туралы Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18қазандағы № а-7/182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24876 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: « 5 Жақсы аулы Дружба көшесі, аудан әкімдігіне қарама қарсы Азық-түлік/азық-түлікеместауарлар 7 шаршы метрден 15 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ ».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.