О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 18 ноября 2022 года № 330 «Об утверждении типового положения о комиссиях по государственным символам при акимах городов Астаны, Алматы, Шымкента и областей» Қолданыста
Басқа 0
«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 18 қарашадағы № 330 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 18 қарашадағы № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30634 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялар туралы үлгілік ережеде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауын қалыптастыру;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.