О внесении дополнений в постановление акимата Камыстинского района от 18 апреля 2022 года № 73 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата Камыстинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 73 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 73 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: Аталған қаулымен бекітілген «Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 15 бапты мынадай мазмұндағы 21, 22, 23 тармақшалармен толықтырылсын: 21) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді; 22) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді; 23) электронды және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерін орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалы – Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.