О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 18 июля 2023 года № 126 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры и развития языков» Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 126 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 126 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1) 14-тармақта:
22) тармақша алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану заңнамасында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану;»;
2) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
3) Басқарманың қарамағындағы ұйымдар тізбесі келесі мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау Жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».».
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.