О признании утратившим силу решение Жамбылского районного маслихата от 18 мая 2023 года № 3-20 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жамбылского районного маслихата» Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы «Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 3-20 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы «Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 3-20 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы М.Нурмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.