О признании утратившим силу приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 18 мая 2023 года № 371 «Об утверждении перечня бытовых приборов и (или) приборов бытовой электроники, а также их компонентов, реализация которых освобождаются от налога на добавленную стоимость» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 371 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 371 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32537 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі