О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2024 года № 16 «Об утверждении Правил формирования и учета целевых требований, целевых накоплений и выплат целевых накоплений, а также начисления целевых требований» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. БЖЗҚ цифрлық жүйелердің интеграциясы арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнін көрсетіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын туғанынан кейін қабылдағаны туралы; 3) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны немесе шыққаны туралы; 4) қайтыс болған күнін не соттың қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген күнін көрсетіп, қайтыс болғаны туралы; 5) ЖТ МДҚ-да қамтылған мәліметтердің жаңартылғаны туралы мәліметтерді алады. БЖЗҚ ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ цифрлық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін өзі қалыптастырады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Жыл сайын: 1) есепті жылдан кейінгі бірінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей БЖЗҚ: ағымдағы жылдың бірінші айының он бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 23:59:59-дағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға ЖТ МДҚ-дан түскен өзгерістерді ескере отырып, есепті жылдың соңындағы (31 желтоқсанды қоса алғанда) жағдай бойынша осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтердің негізінде БЖЗҚ цифрлық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады; верификациялауды жүргізу үшін «цифрлық үкімет» операторына нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жібереді. Егер соңғы күн жұмыс істемейтін күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні соңғы күн болып есептеледі; 2) БЖЗҚ-дан электрондық тізімді алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей «цифрлық үкімет» операторы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың қалыптастырылған тізімінің дұрыстығын растайды.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. БЖЗҚ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дан алынған ақпараттың және осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қалыптастырылған электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылар санының негізінде нысаналы талаптарға бір қатысушы бойынша: 1) нысаналы талаптардың есепті жылдағы сомасы туралы; 2) есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптар сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептейді және БЖЗҚ цифрлық жүйесіне енгізеді.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы жинақтарды алушылар қайтыс болса, олардың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған нысаналы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адам БЖЗҚ-ға мынадай құжат тапсырады: 1) заңды күшіне енген сот актісі; 2) уәкілетті операторда АҚШ долларымен ашылған банктік шоттың деректемелері. Осы Қағидалардың 35, 36 және 37-тармақтарында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдедегі бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.