О внесении изменений в решение Алматинского областного маслихата от 18 декабря 2024 года № 31-160 «Об областном бюджете Алматинской области на 2025-2027 годы» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 31-160 «Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы «2025 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 864 қаулысына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 31-160 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204913 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 841 896 180 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсiмдер бойынша – 145 472 950 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 17 216 817 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 423 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 679 204 990 мың теңге; 2) шығындар – 839 174 421 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 27 177 770 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 41 457 006 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 279 236 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 6 522 458 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 6 522 458 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -30 978 469 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 30 978 469 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 2, 3, 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын: «2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» коды бойынша түсімдер Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандары бойынша 10% мөлшерінде облыстық бюджетке, Іле, Талғар аудандары бойынша 50% мөлшерінде облыстық бюджетке, Қонаев қаласы бойынша 43% мөлшерінде облыстық бюджетке, басқа аудандар мен Алатау қаласы бойынша 100% мөлшерінде аудандық және Алатау қаласының бюджетіне түсетіні белгіленсін.»; «3. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының: «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша Балхаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары бойынша 100% мөлшерінде аудандық бюджетке, Іле, Қарасай, Талғар аудандары бойынша 100% мөлшерінде облыстық бюджетке, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 15% мөлшерінде облыстық бюджетке, Жамбыл ауданы бойынша 32% мөлшерінде облыстық бюджетке, Алатау қаласы бойынша 92% мөлшерінде облыстық бюджетке, Қонаев қаласы бойынша 60% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні; «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша түсімдер Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары және Алатау қаласы бойынша 100% мөлшерінде аудандық және Алатау қаласының бюджетіне, Іле, Қарасай, Талғар аудандары бойынша 100% мөлшерінде облыстық бюджетке, Қонаев қаласы бойынша 50% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні; «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша түсімдер 100% мөлшерінде аудандық және қалалық бюджеттерге түсетіні белгіленсін.»; «4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша түсімдер Балқаш, Кеген, Райымбек аудандары және Алатау қаласы бойынша 100% мөлшерінде аудандық және Алатау қаласының бюджетіне, Іле, Қарасай, Талғар аудандары бойынша 100% мөлшерінде облыстық бюджетке, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 60% мөлшерінде облыстық бюджетке, Жамбыл ауданы бойынша 80% мөлшерінде облыстық бюджетке, Ұйғыр ауданы бойынша 95% мөлшерінде облыстық бюджетке, Қонаев қаласы бойынша 91% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.»; көрсетілген шешімнің 9, 10, 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын: «9. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден облыстық бюджетке берілетін трансферттердің көлемі 67 809 657 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден трансферттер түсімдерін бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»; «10. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 33 302 295 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде: ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 3 385 мың теңге; табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 1 050 333 мың теңге; эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге 1 082 428 мың теңге; ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға 151 955 мың теңге; Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 1 047 578 мың теңге; еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 156 847 мың теңге; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 99 154 мың теңге; мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 271 057 мың теңге; мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға 9 327 567 мың теңге; мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға 34 524 мың теңге; ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға 64 948 мың теңге; жекеменшік орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 7 789 408 мың теңге; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға 2 979 034 мың теңге; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға 5 585 мың теңге; «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға 566 700 мың теңге; жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға 2 105 588 мың теңге; вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға 855 748 мың теңге; денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 105 468 мың теңге; халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар сатып алуға 5 352 568 мың теңге; мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға 31 427 мың теңге; аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу 220 993 мың теңге.»; «11. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 79 621 783 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде: «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салу 58 621 496 мың теңге; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға 1 440 570 мың теңге; ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 10 037 633 мың теңге; қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 887 133 мың теңге; көліктік инфрақұрылымды дамытуға 850 000 мың теңге; «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға 3 465 367 мың теңге; денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту 1 414 040 мың теңге; жерүсті су ресурстарын ұлғайтуға 2 655 544 мың теңге; газ тасымалдау жүйесін дамыту 250 000 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 16, 17 және 18-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын: «16. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте қоршаған ортаны қорғау және объектілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге 1 373 959 мың теңге сомасында көзделсін.»; «17. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 24 573 555 мың теңге сомасында көзделсін.»; «18. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылға арналған резервi 4 962 144 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы «__» _____________ «Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы «Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 31-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № _______ шешіміне қосымша Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы «Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 31-160 шешімімен бекітілген 1-қосымша Алматы облысының 2025 жылға арналған облыстық бюджеті Санаты Сомасы, мың теңге Сынып Ішкі сынып Атауы I. Кірістер 841 896 180 1 Салықтық түсімдер 145 472 950 01 Табыс салығы 87 546 346 1 Корпоративтік табыс салығы 25 952 733 2 Жеке табыс салығы 61 593 613 03 Әлеуметтiк салық 55 313 250 1 Әлеуметтiк салық 55 313 250 05 Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар 2 613 354 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 2 390 012 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 223 342 2 Салықтық емес түсiмдер 17 216 817 01 Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 2 605 075 1 Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері 106 250 4 Мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер 6 293 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 156 681 6 Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар 13 7 Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар 2 335 838 3 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері 1 317 1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері 1 317 04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 11 981 063 1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 11 981 063 06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 2 629 362 1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 2 629 362 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 423 01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 1 423 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 1 423 4 Трансферттердің түсімдері 679 204 990 01 Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 366 152 285 2 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден трансферттер 366 152 285 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 306 332 574 1 Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер 306 332 574 03 Облыстық бюджеттеріне, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер 6 720 131 1 Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастары 6 720 131 Функционалдық топ Сомасы, мың теңге Кіші функция Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Бағдарлама Атауы II. Шығындар 839 174 421 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер 9 238 619 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 6 499 820 110 Облыс мәслихатының аппараты 238 330 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 238 330 120 Облыс әкімінің аппараты 5 344 486 001 Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 3 938 096 004 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 5 523 007 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 69 890 009 Әкімдерді сайлауды қамтамасыз ету және өткізу 683 129 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 647 848 263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 405 070 075 Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету 405 070 282 Облыстың тексеру комиссиясы 511 934 001 Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 487 394 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 24 540 2 Қаржылық қызмет 532 160 257 Облыстың қаржы басқармасы 393 233 001 Жергілікті бюджетті атқару атқару, коммуналдық меншікті басқару және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 368 648 009 Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу 24 585 718 Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы 138 927 001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 138 927 5 Жоспарлау және статистикалық қызмет 1 212 774 258 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 1 212 774 001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 679 845 005 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 2 688 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 530 241 9 Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер 993 865 269 Облыстың дін істері басқармасы 920 177 001 Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 323 679 004 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 24 020 005 Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау 572 478 770 Облыстың су ресурстары және ирригация басқармасы 73 688 001 Жергілікті деңгейде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 73 688 02 Қорғаныс 5 985 957 1 Әскери мұқтаждар 569 020 773 Облыстың жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы 569 020 003 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар 303 973 004 Аумақтық қорғанысты даярлау және облыстық ауқымдағы аумақтық қорғаныс 265 047 2 Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру 5 416 937 271 Облыстың құрылыс басқармасы 2 744 285 002 Жұмылдыру дайындығы мен төтенше жағдайлардың объектілерін дамыту 2 664 449 036 Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөнінде жұмыстар жүргізу 79 836 287 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы 1 960 448 002 Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары 1 724 454 004 Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою 235 994 773 Облыстың жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы 712 204 001 Жергілікті деңгейде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 515 589 011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 10 581 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 186 034 03 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 19 961 805 1 Құқық қорғау қызметi 19 961 805 252 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы 19 892 590 001 Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 16 531 743 003 Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу 4 000 006 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 3 356 847 271 Облыстың құрылыс басқармасы 69 215 003 Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту 69 215 04 Бiлiм беру 494 549 688 1 Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту 69 584 429 261 Облыстың білім басқармасы 69 584 429 200 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және оларда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру 320 216 202 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру 69 264 213 2 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 383 848 768 261 Облыстың білім басқармасы 308 000 220 003 Арнаулы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру 1 818 412 006 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру 4 332 101 055 Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру 5 202 605 082 Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру 259 180 459 083 Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру 3 303 741 203 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру 19 426 876 204 Жеке орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 14 736 026 271 Облыстың құрылыс басқармасы 65 821 237 086 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау 3 831 215 205 «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу 61 990 022 285 Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы 10 027 311 006 Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру 10 027 311 4 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 16 753 044 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 506 175 043 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау 506 175 261 Облыстың білім басқармасы 16 246 869 024 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау 16 109 537 089 Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру 137 332 5 Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру 258 793 120 Облыс әкімінің аппараты 27 204 019 Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту 27 204 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 153 310 003 Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 153 310 261 Облыстың білім басқармасы 78 279 052 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау 78 279 6 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру 1 135 897 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 603 078 057 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету 603 078 261 Облыстың білім басқармасы 532 819 057 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету 532 819 9 Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер 22 968 757 261 Облыстың білім басқармасы 14 699 282 001 Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 667 111 004 Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім беру жүйесін ақпараттандыру 1 114 432 005 Мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендерін сатып алу және жеткізу 3 170 794 007 Облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу 250 026 011 Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету 638 901 012 Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу 980 171 029 Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу 1 589 128 067 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 5 585 623 080 Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «EL UMITI» таланттарын анықтау және қолдау бастамасын іске асыру 24 841 086 Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алған Қазақстан азаматтарына берілетін біржолғы ақшалай қаражат төлемі 6 784 087 Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қорғаншыға (қамқоршыға) берілетін ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 671 471 271 Облыстың құрылыс басқармасы 8 269 475 004 Білім беру объектілерін күрделі жөндеу 8 269 475 05 Денсаулық сақтау 30 808 117 2 Халықтың денсаулығын қорғау 16 691 244 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 3 500 951 006 Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер 565 342 007 Салауатты өмір салтын насихаттау 30 812 041 Облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету 1 125 698 042 Медициналық ұйымның сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты төмендетуге арналған іс-шараларды жүргізу 265 050 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу 1 778 834 271 Облыстың құрылыс басқармасы 13 190 293 038 Деңсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау 13 190 293 3 Мамандандырылған медициналық көмек 4 230 187 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 4 230 187 027 Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау 4 230 187 4 Емханалар 591 831 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 591 831 039 Денсаулық сақтау субъектілерінің қосымша медициналық көмектің көлемін көрсетуі, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар 591 831 5 Медициналық көмектiң басқа түрлерi 70 657 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 70 657 029 Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары 70 657 9 Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер 9 224 198 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 9 224 198 001 Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 450 270 008 Қазақстан Республикасында ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру 181 746 016 Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету 13 906 018 Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер 167 892 023 Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау 263 500 030 Мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының күрделі шығыстары 8 075 033 Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары 8 138 809 06 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 20 369 314 1 Әлеуметтiк қамсыздандыру 7 152 073 256 Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 6 273 243 002 Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 1 168 507 013 Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 2 753 565 014 Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 267 307 015 Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 725 875 064 Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету 1 211 045 076 Әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 146 944 261 Облыстың білім басқармасы 872 830 015 Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру 487 569 037 Әлеуметтік сауықтандыру 101 235 092 Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу 110 766 201 Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдау 173 260 271 Облыстың құрылыс басқармасы 6 000 039 Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау 6 000 2 Әлеуметтiк көмек 9 566 385 256 Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 9 566 385 068 Жұмыспен қамту бағдарламасы 9 566 385 9 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 3 650 856 256 Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 3 650 856 001 Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 392 084 007 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 7 125 018 Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру 784 278 028 Күш көрсету немесе күш көрсету қауіпі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтер 473 415 053 Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету 295 384 066 Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу 70 849 067 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 568 942 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 1 058 779 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 51 456 287 1 Тұрғын үй шаруашылығы 160 000 772 Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы 160 000 054 Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер 160 000 2 Коммуналдық шаруашылық 51 296 287 271 Облыстың құрылыс басқармасы 3 945 164 030 Коммуналдық шаруашылығын дамыту 3 945 164 771 Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 46 254 570 001 Жергілікті деңгейде энергетика және сумен жабдықтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 329 241 003 Елдi мекендердi газдандыру 442 224 004 Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау 353 337 005 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 656 296 011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 497 088 012 Коммуналдық шаруашылығын дамыту 52 626 113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 684 005 114 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері 42 307 926 124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу 931 827 772 Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы 1 096 553 001 Жергілікті деңгейде тұрғын үй мәселелері бойынша тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 241 578 011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 22 931 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 245 046 114 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері 586 998 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 26 876 335 1 Мәдениет саласындағы қызмет 8 454 524 273 Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 8 454 524 005 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 6 187 739 007 Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету 1 024 560 008 Театр және музыка өнерін қолдау 1 242 225 2 Спорт 10 069 925 271 Облыстың құрылыс басқармасы 2 545 757 017 Cпорт объектілерін дамыту 2 545 757 285 Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы 7 524 168 001 Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 172 296 002 Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу 864 722 003 Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы 5 842 570 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 644 580 3 Ақпараттық кеңiстiк 4 313 601 263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 1 377 337 007 Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер 1 377 337 264 Облыстың тілдерді дамыту басқармасы 472 153 001 Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 134 569 002 Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту 304 384 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 33 200 273 Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 760 394 009 Облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету 201 431 010 Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету 558 963 743 Облыстың цифрлық технологиялар басқармасы 1 703 717 001 Жергілікті деңгейде ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, жобалық басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 439 631 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 35 246 008 «Ақпараттық технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету 1 208 072 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 20 768 4 Туризм 634 522 284 Облыстың туризм басқармасы 634 522 001 Жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 164 013 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 7 189 004 Туристік қызметті реттеу 455 370 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 7 950 9 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер 3 403 763 263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 339 952 001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 336 176 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 3 776 273 Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2 330 668 001 Жергiлiктi деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 192 588 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 35 000 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 2 103 080 283 Облыстың жастар саясаты мәселелерi жөніндегі басқармасы 733 143 001 Жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер 134 269 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 500 005 Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру 598 374 09 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 13 644 849 1 Отын және энергетика 2 483 015 771 Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 2 483 015 007 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау 2 434 415 009 Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу 48 600 9 Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер 11 161 834 771 Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 11 161 834 010 Газ тасымалдау жүйесін дамыту 11 161 834 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 53 931 329 1 Ауыл шаруашылығы 37 785 267 255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 28 791 338 001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 624 121 002 Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау 328 307 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 9 600 006 Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау 1 500 000 008 Cаны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау 94 857 014 Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау 750 000 019 Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер 40 000 021 Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау және жөндеу 7 121 029 Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар 378 203 045 Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау 50 082 047 Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау 777 864 050 Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу 9 069 528 053 Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау 10 200 530 056 Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 4 602 824 057 Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау 356 893 059 Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау 1 408 271 Облыстың құрылыс басқармасы 2 834 276 020 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту 2 834 276 719 Облыстың ветеринария басқармасы 6 159 653 001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 242 668 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 5 220 008 Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету 370 555 010 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру 95 118 011 Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу 15 000 013 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу 148 759 014 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу 4 808 909 015 Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 266 319 030 Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру 55 150 031 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу) 151 955 2 Су шаруашылығы 3 887 613 770 Облыстың су ресурстары және ирригация басқармасы 3 887 613 002 Су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу 20 000 004 Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру 193 362 005 Су шаруашылығы объектілерін дамыту 3 674 251 3 Орман шаруашылығы 4 185 987 254 Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 4 185 987 005 Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру 4 128 951 006 Жануарлар дүниесін қорғау 57 036 4 Балық шаруашылығы 380 000 254 Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 380 000 034 Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы), сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау 380 000 5 Қоршаған ортаны қорғау 1 583 538 254 Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 1 425 716 001 Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 207 403 008 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар 565 151 013 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 2 176 022 Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту 436 592 032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 214 394 772 Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы 157 822 013 Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту 157 822 6 Жер қатынастары 6 064 403 251 Облыстың жер қатынастары басқармасы 6 064 403 001 Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 205 726 003 Жер қатынастарын реттеу 64 413 010 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 5 960 125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияны дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға арналған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 5 788 304 9 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер 44 521 719 Облыстың ветеринария басқармасы 44 521 032 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау 23 423 033 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру 6 190 034 Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру 13 145 035 Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіру 1 763 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 34 078 232 2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 34 078 232 271 Облыстың құрылыс басқармасы 30 850 646 001 Жергілікті деңгейде құрлыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 378 965 005 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 86 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 15 575 746 114 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері 14 895 849 272 Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы 3 087 551 001 Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 142 674 002 Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу 2 944 877 724 Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 140 035 001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 137 149 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 2 886 12 Көлiк және коммуникация 33 673 633 1 Автомобиль көлiгi 24 573 555 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 24 573 555 002 Көлік инфрақұрылымын дамыту 1 681 334 003 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 4 662 727 025 Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу 18 229 494 9 Көлiк және коммуникациялар саласындағы басқа да қызметтер 9 100 078 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 9 100 078 001 Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 324 450 011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 10 875 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 5 672 011 114 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері 3 092 742 13 Басқалар 31 832 445 01 Экономикалық қызметтерді реттеу 903 709 771 Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 903 709 013 Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту 903 709 3 Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау 10 158 840 266 Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 7 624 527 005 Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау 230 000 008 Кәсіпкерлік қызметті қолдау 763 529 010 Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау 4 944 891 011 Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін ішінара кепілдендіру 810 633 028 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыру 855 474 082 Бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру 20 000 771 Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 2 534 313 014 Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту 2 534 313 9 Басқалар 20 769 896 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 808 186 058 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру 207 351 096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау 600 835 257 Облыстың қаржы басқармасы 4 962 144 012 Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi 4 962 144 258 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 113 512 003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 113 512 261 Облыстың білім басқармасы 7 139 485 079 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру 7 054 676 096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау 84 809 266 Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 356 609 001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 353 764 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 2 845 271 Облыстың құрылыс басқармасы 795 615 097 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту 795 615 285 Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы 761 565 096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау 761 565 743 Облыстың цифрлық технологиялар басқармасы 3 482 142 096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау 3 482 142 771 Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 2 350 638 096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау 2 350 638 14 Борышқа қызмет көрсету 2 177 361 1 Борышқа қызмет көрсету 2 177 361 257 Облыстың қаржы басқармасы 2 177 361 004 Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету 2 128 181 016 Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету 49 180 15 Трансферттер 10 590 450 1 Трансферттер 10 590 450 257 Облыстың қаржы басқармасы 10 590 450 007 Субвенциялар 9 589 717 011 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 754 537 024 Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 174 821 026 Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 18 275 053 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару 53 100 III. Таза бюджеттік кредит беру 27 177 770 Бюджеттік кредиттер 41 457 006 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 28 491 642 1 Тұрғын үй шаруашылығы 28 491 642 271 Облыстың құрылыс басқармасы 25 345 642 009 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру 1 998 321 011 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй сатып алуға кредит беру 23 347 321 772 Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы 3 146 000 082 Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға бюджеттік кредит беру 3 146 000 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 12 965 364 1 Ауыл шаруашылығы 10 500 000 255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 10 500 000 087 Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге кредит беру 2 500 000 092 Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру 8 000 000 9 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер 2 465 364 258 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2 465 364 007 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер 2 465 364 Санаты Сомасы, мың теңге Сынып Ішкі сынып Атауы Бюджеттік кредиттерді өтеу 14 279 236 5 Бюджеттік кредиттерді өтеу 14 279 236 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 14 279 236 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 12 997 254 2 Бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару 1 281 982 Функционалдық топ Сомасы, мың теңге Кіші функция Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама Атауы IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 6 522 458 Қаржылық активтерді сатып алу 6 522 458 13 Басқалар 6 522 458 9 Басқалар 6 522 458 263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 1 726 568 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 1 726 568 266 Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 1 791 682 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 1 791 682 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 1 500 000 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 1 500 000 770 Облыстың су ресурстары және ирригация басқармасы 304 208 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 304 208 771 Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 1 200 000 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 1 200 000 Санаты Сомасы, мың теңге Сынып Ішкі сынып Атауы Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 Санаты Сомасы, мың теңге Сынып Ішкі сынып Атауы V. Бюджет тапшылығы (профициті) -30 978 469 VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 30 978 469 7 Қарыздар түсімдері 35 876 958 01 Мемлекеттік ішкі қарыздар 35 876 958 1 Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар 22 911 594 2 Қарыз алу келісім-шарттары 12 965 364 8 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 6 027 904 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 6 027 904 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 6 027 904 Функционалдық топ Сомасы, мың теңге Кіші функция Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама Атауы Қарыздарды өтеу 10 926 393 16 Қарыздарды өтеу 10 926 393 1 Қарыздарды өтеу 10 926 393 257 Облыстың қаржы басқармасы 10 926 393 008 Жергілікті атқарушы органның борышын өтеу 5 651 417 015 Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу 5 245 734 018 Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару 29 242