О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 18 марта 2024 года № 58 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на сельскохозяйственных угодьях Туркестанской области» Қолданыста
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы
№ 58 «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында
карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу
туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
Түркістан облысы әкімдігінің
2026 жылғы «____» __________
№ ______ қаулысына қосымша
Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы «18» наурыздағы
№ 58 қаулысына қосымша
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
№
Аудан, қала атауы
карантинді обьектілер атауы
зиянкестер
аурулар
арамшөптер
оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, гектар
шығыс жеміс жемірі, гектар
қауын шыбыны, гектар
жеміс ағаштарының бактериялық күйігі,
гектар
қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы, гектар
жатаған у кекіре, гектар
арамсояу, гектар
1
Арыс
365
110
90
2
Бәйдібек
101,4
4
3
Қазығұрт
147,7
69,92
4
Жетісай
341,1
8,8
5
Мақтаарал
1947,3
2
27,6
6
Ордабасы
493
35,3
7
Отырар
541
5
13,03
8
Сайрам
1
4,1
9
Сарыағаш
12,1
208,7
51,42
10
Сауран
155
80,9
8,5
11
Созақ
194,5
12
Келес
1,7
50,8
83,55
13
Төлеби
68
1
56,8
152,017
14
Түлкібас
50
4
15
Шардара
574
110
89
Жиыны:
13,8
68
3923,4
1
2
1609,8
641,237