О внесении изменений в совместное постановление Аральского районного акимата от 18 декабря 2025 года № 208-қ и решение Аральского районного маслихата от 18 декабря 2025 года № 462 «О наименовании улиц в городе Аральск» Қолданыста
Басқа 0
«Арал қаласындағы көшеге жаңа атау беру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 208-қ және Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 462 бірлескен қаулы
мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Арал қаласындағы көшеге жаңа атау беру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №208-қ мен Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №462 бірлескен қаулы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арал қаласындағы жаңа көшеге атау беру туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Арал қаласындағы Рсалы Тұрымбетов көшесімен қатарлас жатқан жаңа көшеге Садық Жұмағұловтың есімі берілсін.»
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.