О признании утратившим силу решения акима города Алатау от 18 сентября 2025 № 3 «Об объявлении на территории города Алатау чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 «Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы ​ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына және 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, сондай-ақ Төтенше жағдайды жою жөніндегі комиссияның шешімі негізінде, Алатау қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 «Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3.​ Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.