О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 декабря 2025 года № 786 «Об утверждении Перечня участников мониторинга крупных налогоплательщиков» Қолданыста
Басқа 0
«Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 786 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 786 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесінде:
реттік нөмірі 209-жолда орыс тілінде өзгеріс еңгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.