О внесении дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 18 августа 2025 года № А-8/440 «Об установлении водоохранных зон и полос водных объектов Акмолинской области, режима их хозяйственного использования» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № А-8/440 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № А-8/440 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: «Көкшетау қаласы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолымен толықтырылсын: « 5 Қылшақты өзенінің ұзындығы 133 метр учаскесі Көкшетау қаласы (географиялық координаттар тұсында х:12179.63 у: 12442.89, х: 12293.24 ж: 12426.61) 500 35 »; «Степногорск қаласы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолымен толықтырылсын: « 7 Қарабұлақ бөгеті Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ бөгеті 500 35-100 »; «Қосшы қаласы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолымен толықтырылсын: « 2 Сарқырама өзені Қосшы қаласы 500 35-37 »; «Ақкөл ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 15, 16-жолдарымен толықтырылсын: « 15 Новорыбинская бөгеті Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы 300 50-100 16 Кировская бөгеті Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Рамадан ауылы 300 100 »; «Аршалы ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 20-жолымен толықтырылсын: « 20 Тазкөл көлі Аршалы ауданы 500 35 »; «Целиноград ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 33, 34-жолдарымен толықтырылсын: « 33 Ұзынкөл көлі Целиноград ауданы Жаңаесіл және Қараменді батыр ауылдарының ауданында 13-300 4-35 34 Сәби-құрылыс су айдыны Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округінің әкімшілік шекараларында 300 35 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік м