О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 18 сентября 2025 года № 997 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы қаулыға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне берсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 281), 282), 283), 284), 285) және 286) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жасанды интеллект, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық активтер, жобалық басқару салаларындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуына құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 55/5-ғимарат.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғарыш қызметі саласында, дербес деректер мен оларды қорғау саласында, байланыс саласында ұлттық ресурстарды бөлу мен пайдалануды қоса алғанда, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласына және байланыс саласындағы стандарттау саласына қатысу және оны іске асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезияны, картографияны және кеңістіктік деректерді, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласын қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету, байланыс қызметтері нарығының тиімді дамуы мен жұмыс істеуі;
Тармақша 2
2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiру;
Тармақша 3
3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
Тармақша 6
6) ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 9
9) пошта және байланыс саласындағы үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін реттеу;
Тармақша 10
10) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) деректерді басқару бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) деректерді басқару мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 18
18) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 19
19) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 21
21) инновациялық жүйені жоспарлауға, мониторингілеуге, ынталандыруға және дамытуға қатысу;
Тармақша 22
22) дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 23
23) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) өз құзыреті шегінде пошта саласында стратегиялық, реттеушілік функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін пошта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгізеді, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді, шарттар (келісімдер) жасасады;
ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне алып келетін лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;
Тармақша 2
2) міндеттері:
бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану;
акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануын және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аударуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) стратегиялық, реттеушілік функцияларды, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) реттелетiн салалардағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және қабылдау;
Тармақша 4
4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 8
8) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштерін әзірлеу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін әдістемеге сәйкес мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдар басшыларының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік жауаптылық не көтермелеу шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 12
12) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштерін айқындау;
Тармақша 13
13) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының басшыларына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тәртіптік жауаптылық не көтермелеу шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Тармақша 16
16) құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) ақпараттандыру саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiту;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру;
Тармақша 19
19) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 20
20) реттелетін салаларда шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізу;
Тармақша 21
21) реттелетін салаларда кадрлар қажеттігін айқындау;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ сенімгерлік басқарудағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Министрлікте мемлекеттік құпиялардың және таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
Тармақша 24-1
24-1) құқық бұзушылықтың алдын алуға, оны анықтауға және тіркеп-белгілеуге бағытталған ақпараттық технологияларды дамытуға ықпал ету;
📌 Ескерту. 15-тармақтың 24-1) тармақшасының осы редакциясы 11.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Үкіметінің 13.04.2026 № 263 қаулысымен.
Тармақша 24-2
24-2) құқық бұзушылықтың профилактикасы мақсатында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 24-3
24-3) мемлекеттік органдардың қолда бар ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету;
📌 Ескерту. 15-тармақтың 24-3) тармақшасының осы редакциясы 11.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Үкіметінің 13.04.2026 № 263 қаулысымен.
Тармақша 24-4
24-4) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 24-5
24-5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген азаматтарға әртүрлі коммуникация арналары арқылы консультация беру, психологиялық көмек көрсету;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 27
27) ғарышкерлікке үміткерлерді іріктеу және ғарышкерлікке үміткер, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекіту;
Тармақша 28
28) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ғарышкерлікке үміткерге, ғарышкерге бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындау;
Тармақша 29
29) ғарышкерлікке үміткерді, ғарышкерді жыл сайынғы профилактикалық тексерулермен, медициналық және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
Тармақша 30
30) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекіту;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекіту;
Тармақша 32
32) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекіту;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Жердi қашықтан зондтаудың ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындау;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындау;
Тармақша 35
35) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау;
Тармақша 36
36) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жасау, пайдалану және дамыту шығындарын есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту;
Тармақша 38
38) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 39
39) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындау;
Тармақша 40
40) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін бекіту;
Тармақша 41
41) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
Тармақша 42
42) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау тәртібін айқындау;
Тармақша 44
44) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 45
45) ғарыш қызметі саласындағы және «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа да қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;
Тармақша 46
46) Ресей Федерациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыру және (немесе) зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыларды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
Тармақша 48
48) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту;
Тармақша 48-1
48-1) ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 49
49) ұлттық тіркелімдер тізбесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 50
50) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 51
51) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
Тармақша 52
52) «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 54
54) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 55
55) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 56
56) мемлекеттік органдар үшін жүйелі лицензиялық бағдарламалық қамтылымды сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру, iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 58
58) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту;
Тармақша 59
59) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін бекіту;
Тармақша 60
60) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервке қоюды қамтамасыз ету;
Тармақша 61
61) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 62
62) электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру тәртібін және мерзімдерін бекіту;
Тармақша 63
63) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;
Тармақша 64
64) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасау;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiндегі ұсыныстарды, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;
Тармақша 66
66) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 67
67) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 68
68) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 69
69) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу;
Тармақша 70
70) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 71
71) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 72
72) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
Тармақша 74
74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
Тармақша 75
75) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту;
Тармақша 76
76) Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
Тармақша 77
77) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
Тармақша 78
78) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекіту;
Тармақша 79
79) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ресімдеу және беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 80
80) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу қағидалары мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;
Тармақша 81
81) трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 82
82) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
Тармақша 83
83) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;
Тармақша 84
84) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын бекіту;
Тармақша 85
85) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;
Тармақша 86
86) нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау;
Тармақша 87
87) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 88
88) «бір терезе» қағидаты бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды ұйымдастыру кезінде мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеуді үйлестіру;
Тармақша 89
89) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестерді цифрлық трансформациялауды және олардың реинжинирингін үйлестіру;
Тармақша 90
90) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 91
91) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 92
92) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 93
93) телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін айқындау;
Тармақша 94
94) пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 95
95) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын бекіту;
Тармақша 96
96) радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орналастыру) қағидаларын бекіту;
Тармақша 97
97) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындау;
Тармақша 98
98) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет ету, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстан Республикасының пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау;
Тармақша 99
99) Ұлттық пошта операторын айқындау;
Тармақша 100
100) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 101
101) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту;
Тармақша 102
102) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 103
103) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 104
104) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің өздерінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін келісу;
Тармақша 105
105) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 106
106) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу;
Тармақша 107
107) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту;
Тармақша 108
108) Ұлттық пошта операторы ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 109
109) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту;
Тармақша 110
110) пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау;
Тармақша 111
111) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;
Тармақша 112
112) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
Тармақша 113
113) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
Тармақша 114
Тармақша 115
115) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
Тармақша 116
116) байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 117
117) кабельдік арнаны пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 118
118) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 119
119) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларын бекіту;
Тармақша 120
120) GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторларының оларды қайта тіркеу немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізу тәртібін айқындау;
Тармақша 121
121) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 122
122) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 123
123) ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттырудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
Тармақша 124
124) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуі тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 125
125) байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып, ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
Тармақша 126
126) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 127
127) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 128
128) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 129
129) реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту;
Тармақша 130
130) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
Тармақша 131
131) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту;
Тармақша 132
132) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 133
133) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 134
134) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 135
135) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және қатері жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 136
136) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 137
137) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
Тармақша 138
138) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректер беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 139
139) цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 140
140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін бекіту;
Тармақша 141
Тармақша 142
142) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 143
143) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 144
144) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 145
145) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;
Тармақша 146
146) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 147
147) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 148
148) пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлігімен тасымалдау тәртібін айқындау;
Тармақша 149
149) пошта жөнелтілімдерін (пошта карточкасынан басқа) растаушы құжаттарды ұсыну арқылы беру кезінде жөнелтушінің олардың құнын жариялау тәртібін айқындау;
Тармақша 150
150) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
Тармақша 151
151) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
Тармақша 152
152) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 153
153) әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне алып келетін лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
Тармақша 154
154) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 155
155) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 156
156) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 157
157) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 158
158) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту;
Тармақша 159
159) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту;
Тармақша 160
160) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту;
Тармақша 161
161) жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізбесін бекіту;
Тармақша 162
162) куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 163
163) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту;
Тармақша 164
164) ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 165
165) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту;
Тармақша 166
166) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту;
Тармақша 167
167) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 168
168) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 169
169) оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, оның ішінде платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу арқылы көрсететін қызметтер тізбесін бекіту;
Тармақша 170
170) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ платформалық бағдарламалық өнімдердің тізбесін бекіту;
Тармақша 171
171) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ платформалық бағдарламалық өнімдердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 172
172) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту;
Тармақша 173
173) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 174
174) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;
Тармақша 175
175) мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және олардың «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмыс істеуіне рұқсат ету қағидаларын бекіту;
Тармақша 176
176) ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 177
177) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту;
Тармақша 178
178) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестердің тізілімімен интеграциялануға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 179
179) «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 180
180) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 181
181) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 182
182) «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 183
183) «Астана Хаб» дербес кластерлік қорының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 184
184) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.12.2025 № 1143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 185
185) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;
Тармақша 185-1
185-1) ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 185-2
185-2) ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 186
186) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 187
187) ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 188
188) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 189
189) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;
Тармақша 190
190) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 191
191) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 192
192) әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жүгіну тәртібін айқындау;
Тармақша 193
193) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту;
Тармақша 194
194) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 195
195) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп бекіту;
Тармақша 196
196) есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 197
197) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;
Тармақша 198
198) ақпараттандыру саласында инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 199
199) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 200
200) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 201
201) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру;
Тармақша 202
202) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарау және қорытындылар беру;
Тармақша 203
203) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісу;
Тармақша 204
204) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;
Тармақша 205
205) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;
Тармақша 206
206) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;
Тармақша 207
207) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту;
Тармақша 208
208) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;
Тармақша 209
209) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту;
Тармақша 210
210) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 211
211) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 212
212) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген іздестіру жұмыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 213
213) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 214
214) монополияға қарсы органмен және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің бағаларын белгілеу;
Тармақша 215
215) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 216
216) монополияға қарсы органмен және бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағаларын белгілеу;
Тармақша 217
217) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісу;
Тармақша 218
218) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 219
219) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау;
Тармақша 220
220) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;
Тармақша 221
221) бірыңғай байланыс орталығын айқындау;
Тармақша 222
222) «111» байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 223
223) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
Тармақша 224
224) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 225
225) «Әлеуметтік әмиян» ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабардар ету), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасын өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алу тәртібін айқындау;
Тармақша 226
226) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 227
227) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 228
228) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекіту;
Тармақша 229
229) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін айқындау;
Тармақша 230
230) өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;
Тармақша 231
231) қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 232
232) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 233
233) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және рұқсат беру не уәжді бас тарту рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 234
234) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 235
235) есептер мен көрсеткіштер (салалық деректер) тізілімін бекіту;
Тармақша 236
236) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 237
237) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингі әдістемесін бекіту;
Тармақша 238
238) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерін тексеру қағидаларын бекіту;
Тармақша 239
239) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының мәліметтері мен көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;
Тармақша 240
240) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 241
Тармақша 242
242) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 243
243) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін ескере отырып, геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының деректері мен материалдарын есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 244
244) бюджет қаражатының есебінен орындалатын аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 245
245) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу;
Тармақша 246
246) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелері арасындағы трансформациялау мен өзгерту параметрлерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 247
247) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 248
248) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 249
249) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 250
250) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелерінің арасындағы трансформациялау мен өзгерту параметрлерін айқындау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 251
251) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 252
252) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желілерге жатқызу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 253
253) нивелирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 254
254) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау және дамыту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 255
255) базалық кеңістіктік деректердің тізбесін бекіту;
Тармақша 256
256) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік геодезиялық желінің пассивті пункттерінің координаталарын спутниктік айқындауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 257
257) Қазақстан Республикасының мемлекеттік гравиметриялық желісі пункттерінде гравиметриялық жұмыстарды орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 258
258) кеңістіктік деректер тізілімін бекіту;
Тармақша 259
259) Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 260
260) Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерінің пункттері мен белгілерін салу, зерттеп-қарау және қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 261
261) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық жобаларды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 262
262) нивелирлеу пункттерінің биіктік каталогтарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 263
263) геодезиялық және картографиялық жұмыстар бойынша техникалық есептерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 264
264) Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін бекіту;
Тармақша 265
265) геодезиялық және картографиялық жұмыстардағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 266
266) қайта нивелирлеу материалдары бойынша жер бетінің қазіргі тік қозғалыстарының жылдамдығын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 267
267) геодинамикалық полигондарда геодезиялық жұмыстар жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 268
268) геодезиялық пункттердің каталогтарын жасау және басып шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 269
269) бюджет қаражатының есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 270
270) Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 271
271) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) қағидаларын бекіту;
Тармақша 272
272) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
Тармақша 273
273) бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту;
Тармақша 274
274) бюджет қаражатының есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 275
275) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және жаңартып отыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 275-2
275-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 276
276) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
Тармақша 277
277) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 278
Тармақша 279
279) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 280
280) «Астана Хаб» дербеc кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамын және ережесін бекіту;
Тармақша 281
281) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректер талдамасын жүзеге асыру үшін алынған мәліметтерді «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына беру;
Тармақша 282
282) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 283
283) импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 284
284) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінген тауарлардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 285
285) «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қатысушысының Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту жөніндегі шарттарға сәйкес келуін белгілеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
Тармақша 286
286) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 287
287) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 288
288) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тәртібін айқындау;
Тармақша 289
289) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге тоқсан сайынғы мониторинг жүргізу және оның нәтижелері туралы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар ету;
Тармақша 290
290) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 291
291) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 291-1
291-1) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.12.2025 № 1143 қаулысымен;
Тармақша 291-2
291-2) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.12.2025 № 1143 қаулысымен;
Тармақша 291-3
291-3) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.12.2025 № 1143 қаулысымен;
Тармақша 291-4
291-4) - 291-11) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 13.04.2026 № 263 қаулысымен;
Тармақша 291-12
291-12) өз құзыреті шегінде тиiстi мемлекеттiк басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап беру, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
Тармақша 291-13
291-13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
Тармақша 291-14
291-14) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
Тармақша 292
292) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;
Тармақша 293
293) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын келісу;
Тармақша 294
294) фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын келісу;
Тармақша 295
295) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;
Тармақша 296
296) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 297
297) мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 298
298) жобалардың басқарушы құжаттарын әзірлеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 299
299) жобаның жетілуін бағалау әдістемесін бекіту;
Тармақша 300
300) жобаның түйінді ұлттық индикаторға қол жеткізудегі үлесін және Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындау нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындау әдістемесін бекіту;
Тармақша 301
301) электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 302
302) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 303
303) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 304
304) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 305
305) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
Тармақша 306
306) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымын және өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттарды бекіту;
Тармақша 307
307) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрауыштарын біріздендіру жөніндегі талаптарды бекіту;
Тармақша 308
308) көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, көмірсутектерді және уран өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 309
309) ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен технологиялық меморандумдар жасасу және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау;
Тармақша 310
310) құзыреті шегінде өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 311
311) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шаралар әзірлеу және оны ілгерілетуді жүзеге асыру;
Тармақша 312
312) жетекшілік ететін салалардағы салалық технологиялық құзыреттер орталықтарын айқындау;
Тармақша 313
313) әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 314
314) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
Тармақша 315
315) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 316
316) құзыреті шегінде жұмыс істеп тұрған инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;
Тармақша 317
317) бірлескен өндірістерді құру үшін құзыретi шегiнде инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 318
318) қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру үшін құзыреті шегінде трансұлттық корпорацияларды тарту;
Тармақша 319
319) ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесін басқаруды, жүргізуді, қолдап отыруды, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 320
320) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 321
321) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша «ақылды» қалалар салу жөніндегі әдiстемені (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалалары эталондық стандартын) бекiту;
Тармақша 322
322) меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын келісу;
Тармақша 323
323) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 324
324) куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту;
Тармақша 325
325) цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;
Тармақша 326
Тармақша 327
Тармақша 328
328) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау;
Тармақша 329
329) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту;
Тармақша 330
330) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 331
331) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 332
332) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеуді жүргізу;
Тармақша 333
Тармақша 334
334) цифрлық майнинг саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 334-1
334-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ақша аудару қызметтерін көрсететін пошта операторлары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы белгілеу;
Тармақша 335
Тармақша 336
336) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін жүргізу;
Тармақша 337
337) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және оның тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 338
Тармақша 339
Тармақша 340
340) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 341
341) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 342
342) жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 342-1
342-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 342-2
342-2) жасанды интеллект жүйелеріне арналған құжаттаманың тізбесін бекіту;
Тармақша 342-3
342-3) ақпараттандыру объектілерін жасанды интеллект жүйелеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту;
Тармақша 342-4
342-4) орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жасанды интеллектіні ендіру үшін экономиканың басымдық берілетін секторларының тізбесін әзірлеу;
Тармақша 342-5
342-5) Машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату қағидаларын бекіту;
Тармақша 342-6
342-6) Салалық мемлекеттік органдардың жасанды интеллект жүйелеріне деген сенімді қамтамасыз ету және оларды тиісті салада (аяда) қолданудың үздік практикаларын тарату мақсатында қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тұрақты негізде жариялап отыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 342-7
342-7) Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 342-8
342-8) Жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының есептеу ресурстарына қолжетімділік беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 342-9
342-9) есептеу ресурстарына басым тәртіппен қолжетімділік алу үшін тұлғалардың санаттарын айқындау;
Тармақша 342-10
342-10) жасанды интеллектіні ендіру үшін экономиканың басымдық берілетін секторларының тізбесін ескере отырып, құзыреті шегінде мемлекеттік қолдау көрсету;
Тармақша 343
343) жасанды интеллект саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту;
Тармақша 344
344) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жасанды интеллектті дамыту бөлігінде келісу;
Тармақша 345
345) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 346
346) дербес деректерді жинау және өңдеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 347
347) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 348
348) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 349
349) дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру, сондай-ақ оны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындау;
Тармақша 350
350) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 351
351) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жіберу;
Тармақша 352
352) дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 353
353) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 354
354) дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік үй-жайдағы немесе деректерді өңдеу орталығындағы электрондық базада меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 355
355) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 356
356) қолжетімділігі шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 357
357) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 358
358) техникалық реттеу саласында сараптама кеңестерін құру;
Тармақша 359
359) техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңестерінің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 360
360) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
Тармақша 361
361) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
Тармақша 362
362) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Тармақша 363
363) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 364
364) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 365
365) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 366
366) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 367
367) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
Тармақша 368
368) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;
Тармақша 369
369) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы «Байқоңыр» кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 370
370) Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 371
371) ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;
Тармақша 372
372) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 373
373) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 374
374) ғарыштық орналастыруды және қашықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 375
375) «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 376
376) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 377
377) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 378
378) ғарышкерлікке үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
Тармақша 379
379) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 380
380) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 381
381) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 382
382) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 383
383) мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекіту;
Тармақша 384
384) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 385
385) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 386
386) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Тармақша 387
387) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;
Тармақша 388
388) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 389
389) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде орындау үшін ұйғарымдар беру;
Тармақша 390
390) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;
Тармақша 391
391) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін келісу;
Тармақша 392
392) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастыру;
Тармақша 393
393) құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 394
394) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кіру;
Тармақша 395
395) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
Тармақша 396
396) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Тармақша 397
397) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру;
Тармақша 398
398) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру;
Тармақша 399
399) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 400
400) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 401
401) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 402
402) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
Тармақша 403
403) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беру үшін радиожиілік органдары айқындаған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 404
404) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 405
405) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
Тармақша 406
406) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;
Тармақша 407
407) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімдерін жүргізу;
Тармақша 408
408) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 409
409) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 410
410) бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 411
411) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 412
412) радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн біржолғы төлемақы мөлшерлерiн айқындау қағидаларын бекіту;
Тармақша 413
413) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 414
414) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 415
415) Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды орындау;
Тармақша 416
416) байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
Тармақша 417
417) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
Тармақша 418
418) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыстың мұқтаждығын қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждығы үшін байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
Тармақша 419
419) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді бекіту;
Тармақша 420
420) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 421
421) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 422
422) Қазақстан Республикасының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 423
423) мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 424
424) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 425
425) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйені сүйемелдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 426
426) Министрлікке және оның ведомстволарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарға жолданған, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында, сұрау салуларында, ұсыныстарында, үн қосулар мен хабарларында көтерілетін жүйелі мәселелерді қарау, талдау, мониторингілеу және айқындау;
Тармақша 427
427) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
Тармақша 428
428) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталған кезде ұйғарымдар беру;
Тармақша 429
429) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Тармақша 430
430) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Тармақша 431
431) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 432
432) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
Тармақша 433
433) геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсаттар беру;
Тармақша 434
434) мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 435
435) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшем құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;
Тармақша 436
436) Қазақстан Республикасындағы геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 437
437) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 438
438) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара келісілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 439
439) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау мен дамытуды ұйымдастыру;
Тармақша 440
440) топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңартып отыру;
Тармақша 441
441) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту;
Тармақша 442
442) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
Тармақша 443
443) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 444
444) мемлекеттік есептеу жүйелері мен картографиялық проекцияларды әзірлеу;
Тармақша 445
445) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 446
446) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 447
447) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 448
448) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 449
449) құзыреті шегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 450
450) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 451
451) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452
452) әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 453
453) әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді жүргізу;
Тармақша 454
454) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін айқындау;
Тармақша 455
455) әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді жүзеге асыру;
Тармақша 456
456) үлгілік әріптестік келісімді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 457
457) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 458
458) бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 459
459) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту;
Тармақша 460
460) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды іске асыру бойынша жұмысын үйлестіру;
Тармақша 461
461) «111» байланыс орталығының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 462
462) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 463
463) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 464
464) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 465
465) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 466
Тармақша 467
467) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 468
468) дербес деректерді қорғау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 469
469) дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау;
Тармақша 470
470) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 471
471) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 472
472) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
Тармақша 473
473) субъектілер құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 474
474) мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін интеграциялануын келісу;
Тармақша 475
475) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 476
476) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 477
477) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
Тармақша 478
478) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
Тармақша 479
479) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 480
480) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 481
481) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 482
482) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 483
483) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Тармақша 484
484) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
Тармақша 485
485) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 486
486) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 487
487) деректерді өңдеу орталықтары операторларының, бұлттық есептеулер қызметтерін берушілердің, интернет-трафикпен алмасу нүктелерінің қызметін реттеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 488
488) мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, олардың атауларын өзгерту, атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 489
489) деректерді өңдеу орталықтарының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 490
490) деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 491
491) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.04.2026 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 492
492) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрдің мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Министрдің мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікті Министр басқарады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Министр Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрдің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 3
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 4
4) Министрлік атынан Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қол қояды;
Тармақша 7
7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) Үкімет тиісті шешім қабылдаған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе байқаушы кеңестің құрамына кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекiтіп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Акционерлік қоғамдар
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Акционерлік қоғамдар
Тармақша 1
1) «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
Тармақша 1
1) «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) «Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 4
4) «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Республикалық мемлекеттік мекеме
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңыр баланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті.
Республикалық мемлекеттік мекемелер
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
––––––––––––––––––––––––
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне» деген бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне»;
реттік нөмірі 376-5-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне» деген кіші бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне»;
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне:» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 406-32-4-жолмен толықтырылсын:
«406-32-4. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.».
Тармақ 2
2. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.».
Тармақ 3
3. «Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.».
Тармақ 4
4. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып айқындалсын.».
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру, инновациялық қызмет саласындағы басшылық жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»;
13-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және оның дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет саласындағы елішілік құндылықты дамыту;»;
мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру және дамыту;
6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
7) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 177-30), 177-31) 177-32), 177-33), 177-34), 177-35), 177-36), 177-37), 177-38), 177-39), 177-40), 177-41), 177-42), 177-43), 177-44), 177-45), 177-46), 177-47), 177-48), 177-49), 177-50), 177-51), 177-52), 177-53), 177-54) және 177-55) тармақшалармен толықтырылсын:
«177-30) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
177-31) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;
177-32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
177-33) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
177-34) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
177-35) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
177-36) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту;
177-37) инновациялық қызмет сыныптамасын бекіту;
177-38) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін бекіту;
177-39) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
177-40) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;
177-41) жобалардың инновациялылығы өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту;
177-42) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;
177-43) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын пайдалану арқылы жәрдем көрсету;
177-44) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
177-45) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде келісу;
177-46) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын инновациялық және технологиялық даму бөлігінде келісу;
177-47) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
177-48) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
177-49) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту;
177-50) цифрлық трансформация және 4.0 индустриясын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
177-51) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
177-52) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
177-53) құзыреті шегінде әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
177-54) құзыреті шегінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
177-55) құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;»;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
«2-1. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.».
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
40-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіру саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен келісілуге тиіс.»;
49-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіру саласындағы уәкілетті орган ретінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар жобаларды (Парламент Мәжілісіне заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі. Халықаралық шартқа қол қою, оны бекіту, қабылдау мәселелері бойынша және оған қосылу туралы жобаларды Сыртқы істер министрлігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
Жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және ол бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілді» деп саналады.».
Тармақ 7
7. «Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.».
Тармақ 9
9. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 311 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.».
––––––––––––––––––––––––
Басқа 2. Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңыр баланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.
––––––––––––––––––––––––
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетін құру және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 765 қаулысының 2-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 77 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 817 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырудың 3-тармағы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 37-тармағы.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 172 қаулысы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 285 қаулысы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 295 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 815 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 992 қаулысы.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысының 3-тармағы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 197 қаулысы.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 219 қаулысы.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 307 қаулысы.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 жарлықтарын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 471 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 13-тармағы.
Тармақ 21
21. «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 535 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 22
22. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 749 қаулысы.
Тармақ 24
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 834 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 15-тармағы.
Тармақ 25
25. «Ионосфера институты» және «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестіктерінің қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 857 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiс пен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 26
26. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 965 қаулысы.
Тармақ 27
27. «Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1080 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 28
28. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 29
29. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 217 қаулысы.
Тармақ 30
30. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысы.
Тармақ 31
31. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 361 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы.
Тармақ 32
32. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 644 қаулысы.
Тармақ 33
33. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 762 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 9-тармағы.
Тармақ 34
34. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 835 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 35
35. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 169 қаулысы.
Тармақ 36
36. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 сәуірдегі № 342 қаулысының 3-тармағы.
Тармақ 37
37. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 538 қаулысы.
Тармақ 38
38. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 835 қаулысы.
Тармақ 39
39. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 902 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 40
40. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 41
41. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № 128 қаулысы.
Тармақ 42
42. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 337 қаулысы.
Тармақ 43
43. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 349 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 44
44. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 486 қаулысы.
––––––––––––––––––––––––