О проведении очередного призыва граждан в возрасте от 18 до 27 лет, не имеющих права на отсрочку или на освобождение от призыва на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімнен тыс әскери қызметке шақыртуды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 бабына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Мерзімнен тыс әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданының аумағында әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырту өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақырту комиссиясы құрылсын және бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандық аурухананың бас дәрігеріне (Б.Б. Жанғалов) қажетті дәрігер-мамандар, орта медициналық персонал, құрал-жабдықтар бөліп, шақыру кестесіне сәйкес шақырылушыларды Зеренді аудандық аурухана негізінде флюорографиялық тексерістен өткізсін және Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде медициналық куәландыру өткізу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ және кент әкімдері азаматтарды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне жеткізуді ұйымдастырып, арнайы шақырту қағазына сәйкес жасөспірімдердің селолық округ және кент өкілдері мен әскери жетекшілерінің басшылық етуімен келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына (С.Ж.Жұманов) шақырту учаскесін шақырту өткізуге дайындау жөніндегі іс-шаралар қолдану жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 6
6. Қаржы бөлімінің бастығы (С.Б.Айтуғанов) бекітілген бюджеттің шегінде, қорғаныс істер бөлімінің өтініміндегі шығыс сметасына сәйкес, шақырту жөніндегі іс-шараларды белгіленген мерзімде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е.Р.Шәріпов) шақыртуды өткізу кезінде шақырту учаскесіне полиция жасақтарын қамтамасыз етсін, мерзімнен тыс әскери қызметке шақырылудан жасырын жүргендерді іздестіруге атсалысу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А. Таласбаеваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 10. Аудандық шақырту комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қосымша БЕКІТІЛДІ
аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«24» 04 № 131 «Әскерге шақырудан
кейін қалуға немесе босатылуға
құкықтары жоқ, 18 бен 27 жас
аралығындағы азаматтарды кезекті
рет 2006 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
мерзімнен тыс әскери қызметке
шақыртуды өткізу туралы»
қаулысымен
Аудандық шақырту комиссиясының ҚҰРАМЫ
Серік Жанапияұлы Жұманов - қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник, комиссия төрағасы;
Әлия Аманжолқызы Таласбаева - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Болат Қажмұхамматұлы Дүйсенов - ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Ғиззат Куанышбайқызы Сүлейменова - аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы;
Батагөз Байназарқызы Дюсембекова - білім беру бөлімінің кадрлар жөніндегі бас маманы;
Серік Пазылбекұлы Санбаев - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту және келісім-шарт бойынша әсери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы;
Валентина Викторовна Куликова - жедел жәрдем медбикесі, комиссия хатшысы.