О проведении очередного призыва граждан в возрасте от 18 до 27 лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімнен тыс әскери қызметке шақыртуды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Мерзімнен тыс әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2007 жылғы сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданының аумағында әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырту өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақырту комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Б. Жанғаловқа (келісім бойынша) қажетті дәрігер-мамандар, орта медициналық персонал, құрал-жабдықтар бөліп, шақыру кестесіне сәйкес шақырылушыларды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде медициналық куәландыру өткізу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ және кент әкімдері азаматтарды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне жеткізуді ұйымдастырып, арнайы шақырту қағазына сәйкес жасөспірімдердің келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Ж.Жұмановқа (келісім бойынша) шақырту учаскесін шақырту өткізуге дайындау жөніндегі іс-шаралар қолдану жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 6
6. Қаржы бөлімінің бастығы С.Б.Айтуғанов бекітілген бюджеттің шегінде, қорғаныс істер бөлімінің өтініміндегі шығыс сметасына сәйкес, шақырту жөніндегі іс-шараларды белгіленген мерзімде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Р.Шәріповке (келісім бойынша) шақыртуды өткізу кезінде шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін және мерзімнен тыс әскери қызметке шақырылудан жасырын жүргендерді іздестіруге атсалысу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 8
8. Зеренді аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 5 мамырда № 1-14-48 тіркелген, Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №131 «Әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2006 жылдың сәуір-маусымындағы және қазан-желтоқсандағы мерзімнен тыс әскери қызметке шақыртуды өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін
Тармақ 10
10. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді жэне 2007 жылғы 23 сәуірден пайда болған қүқық қатынастарына таралады.
Басқа 11. Аудандық шақырту комиссиясының құрамы
Қосымша аудан әкімдігінің 2007 жылғы «23» 04 № 169 «Әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімнен тыс әскери қызметке шақыртуды өткізу туралы» қаулысына Аудандық шақырту комиссиясының құрамы Серік Жанапияұлы Жұманов - Зеренді аудандық корғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник, комиссия төрағасы; Әлия Аманжолқызы Таласбаева - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары; Валентина Викторовна Куликова - аудандық орталық аурухананың медициналық бикесі, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Болат Қажмұхамматұлы Дүйсенов - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары; Ғиззат Куанышбайқызы Сүлейменова - аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы.