Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи по возмещению расходов, связанных с обследованием на компьютерном томографе детей-инвалидов до 18 лет Күшін жойған
Басқа 0
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды
компьютерлік томографпен қарауға байланысты
шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету
Нұсқаулығын бекіту туралы
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" жөніндегі аудандық бюджеттік бағдарламаны орындауға бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы негізінде Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданының әділет Басқармасы пысықтауға қайтарып жіберген, аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 119 "16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" сессия шешімінің күші жойылсын.
Басқа 3. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен
қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Алтынсарин аудандық
мәслихатының
2005 жылғы 1 маусымдағы
№ 130 шешімімен
бекітілген
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен
қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Осы нұсқаулық "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (әрі қарай уәкілетті орган) көрсетіледі.
Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі азаматтардың арызын қарайды және әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналар, ер баланы (қыз баланы) асырап алушылар, қамқоршылар, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ, бірақ Қазақстан Республикасында тұрақтаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдері, оралмандар, босқындар атанғандар, азаматтықтары жоқтар, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетелдіктер және Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт тұруға рұқсаты бар шетелдіктер алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек отбасының табысына байланыссыз төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек ата-аналық құқықтан айырылғандарға тағайындалмайды және төленбейді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға жүгіну
2. Әлеуметтік көмек алуға жүгіну
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (әрі қарай-арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілетін мәліметтің толыктығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Арыз беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған мүгедек баланы компьютерлік томографпен қарауға Қостанай облысының денсаулық сақтау Департаменті немесе аудандық орталык аурухана берген жолдамасын.
Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің аты-жөні толық көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) баланың мүгедектік тобын белгілеген медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы анықтамасының көшірмесін;
Тармақша 4
4) мүтедек ер баланы (қыз баланы) асырап алушы ата-анасының, басқа да занды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; шетелдіктер үшін - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға рұқсатының көшірмесі; азаматтығы жоқ тұлғалар ұшін - азаматтығы жоқ тұлға туралы куәліктің, оралмандар мен босқындар үшін - оралман немесе босқын деп танылған куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) ер баланы (қыз баланы) асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар осы дәрежені растайтын құжаттың көшірмесін:
асырап алушылар мүгедек баланы асырап алу туралы соттың шешімін;
қамқорршылар қамқоршының куәлігін, немесе қамқоршы тағайындау органының мүгедек балаға қамқоршы тағайындауы туралы шешімін;
Тармақша 6
6) қаралуға қолма-қол есеп жасалғанын куәландыратын кассалық чегін;
Тармақша 7
7) баланы қараған мекеменің директоры мен бас бухгалтері қол қойған қаралуға байланысты шығынды өтеу үшін берілген шотын. Директордың қолы мөрмен расталады.
Шотта компьютерлік томографпен қаралған мүгедек баланың фамилиясы, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.
Кассалық чекте көрсетілген сома шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек.
Әлеуметтік көмек тағайындауға қажет құжаттардың түпнұсқалары және уәкілетті орган салыстыру үшін көшірмелері тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және оларды іске ресімдейді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді, ол туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 9
9. Қажетті құжаттар болмаса әлеуметтік көмек көрсетуге бас тартылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың компьютерлік томографпен қаралуына байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек есеп айырысу құжаттарының негізінде қаралу құнының 100 пайыз көлемінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, есептеп, ай сайын облыстық қаржы Департаментіне қаржыландыруға өтінімдер жинағын ұсынатын Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне береді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу заңмен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған, тиісті операциялар түріне лицензиялары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ұйымдар арқылы, Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен берілген тізім бойынша жүргізіледі.