О корректировке средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін нормативтік карточкаға келтірілген, сондай-ақ статистика органы ұсынған бағаны, өндірістік шығындардың орташа деңгейін, орташа өнімділігін (өнімді) түзету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер, отбасына қосылған кірістерді есептеу Ережесінің 30-тармағы негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 10 пайызға азайту жолымен далалық аймақта жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін нормативтік карточкаға келтірілген өндірістік шығындардық орташа деңгейін, орташа өнімділігінің (өнімді) берілген есебін түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 10 пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін статистика органы ұсынған, 2006 жылға арналған бағаны түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға үміткер, арыз берушінің жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу кезінде осы қаулыны басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.