Об установлении корректирования данных учета средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода отличного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікіті), өндірістік шығыстардың орташа денгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 30% азайту жолымен далалық аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынган табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа денгейінің есепке алу түзетуі белгіленсін.
Тармақ 2
2. 30% азайту жолымен 18 жасқа дейінігі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағалар түзетуі белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л.Г. Өтешева, келісім бойынша) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткердін жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Бисимбаевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.