О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он пайызға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) есепке алынуын түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. Он пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 122 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» каулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орыңдалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2006 жылдың 12 мамырдан бастап іс-қимылға енеді.