О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтык табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 10 %-ға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімнің (өнімділіктің) есепке алынуына түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 10 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған 2006 жылға арналған бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға үміткер өтінушілердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.