О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Дала аймағында 10 % азайту жолымен жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсім (енімділік) есебінің деректерін түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 10 % азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда жеке қосалқы шаруашылыктан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын 2006 жылга арналған түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Плотникова) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға үміткер өтініш берушілердің жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табысын есептеу үшін осы қулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.