О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысын орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 10 %-ға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалкы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) есепке алынуын түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 10 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Б. Ужахова) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.